Кәсіби дағды – шеберлік
Қызылорда өрт сөндіру пойызының ұжымы облыс әкімі бекіткен жоспар бойынша аймақтағы авариялық-құтқару құрылымдарымен бірге тактикалық оқу-жаттығуға қатысып, өздерінің шеберліктерін шыңдады.
Облыстық шеңберде қала горнизонының өрт сөндіру бөлімдері басшылығының ерекше бақылауымен өткізілген жаттығу жайлы пойыз бастығы, Құрметті теміржолшы Ғалымжан Табынбаев құрамның тактикалық, практикалық және кәсіби біліктілігі жоғары бағаланғанын мәлімдеді. Себебі, олар әр түрлі көлемдегі цилиндр пішіндегі 65 дана жанар-жағармай сақтайтын резервуардың ішінен 7500 текше метрлік резервуар артық қысым әсерінен жарылып, өртке оранған өрт ошағын бар-жоғы бір сағат ішінде ауыздықтай білді.
– Бұл жолғы жаттығу облыс әкімдігінің бақылауымен қаладағы Оңтүстік өндірістік аймақтағы «Қорқыт ата әуежайы» АҚ жанар-жағармай сақтау қоймасында өткізілді. Жаттығу қоймада өткізілгендіктен біздің өрт сөндіру пойызынан өртті сөндіруге су таратылды. Жеке құрамнан 15 өрт сөндіруші қатыстырылып, олар жаттығуға қатысушылар арасында нағыз кәсіби маман екендерін дәлелдей білді. Біздің тарапымыздан бірде-бір олқылықтар жіберілген жоқ, – деді әріптестеріне разылығын білдірген ұжым басшысы Ғалымжан Табынбаев.
Жаттығуға қатысқан бірнеше авариялық-құтқару құрылымдарының арасындағы өзара әрекет етудің ұйымдастырылуын тексеру мақсатында өткізілген өрт сөндіру оқу-жаттығуы шарасына қатысқан Қызылорда өрт сөндіру пойызы жауынгерлері осылайша, кез келген кедергіні бағындыра алатынын дәлелдеп, белгілінген бір сағаттық уақыт мөлшерін толық игеріп, өрт жалынын химиялық көбікті сумен тұмшалап, тілсіз жауды сөндіре білгені, біріншіден, кәсіби дағды, сосын шеберлік деп бағаланған.
Өрт сөндіру бөлімдері жеке құрамалардың өрт сөндіру кезінде шұғыл іс-қимыл жүргізуі, құрам басшыларының шара барысында атқарар қызметін жетілдіру, жеке құрамның моральдық, психологиялық, жауынгерлік дайындығын дамыту және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау, шешуші бағыттың анықталуы, арнайы құралдарды тиімді пайдаланып, олармен бірлесіп іс-қимыл жасау, еңбек қорғау нұсқаулығы талаптарының орындалуы секілді өрт сөндіру кезінде басты мақсат саналатын қағидалардың орындалуын саралаған жаттығуда Қызылорда өрт сөндіру пойызының сарбаздары кәсіби біліктіліктерін көрсетіп қана қоймай, өзге ұжымдардың құрамаларынан тәжірибе алмаса білді.
Сабырхан НӘДІРБАЙ, Қызылорда
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді