Қызметтері – құжат өңдеу
Түркістан станциясындағы құжат өңдейтін техникалық кеңсе мамандарының көзге көрінбейтін, сырт қарағанда өнімсіз, бірақ өте жауапты жұмыстары қиын да күрделі.
Қандығаш пен Арыста сұрыпталатын транзиттік пойыздардың құжаты Түркістанда тексеріледі. Құжат өңдейтін мамандардың көзге көрінбейтін, бірақ аса жауапты жұмысының арқасында пойыздар уақытынан кешікпей, жүк иесіне тез жетеді. Қандыағаш, Белкөл, Қызылордадан қандай жүк пойыздары келе жатқанын олар алдымен компьютерден көріп алады. Келген соң машинист құжат толтырылған папкіні темірден жасалған кішкентай бункерге тастап кетеді. Оны құжат тасымалдаушы көтеріп, техникалық кеңсеге жеткізеді. Осыдан әрі олардың «сары майдан қыл суырғандай» жұмыстары басталады.
– Көрші станция жіберген құжатты қолға алып, компьютердегі нұсқасымен салыстырамыз. Арысқа барған соң бізден кеткен құрам қайта шашылып, құрастырылады. Құжатта вагонның салмағы мен ұзындығынан бастап жазылады. Бір пойызда тіркелген 60 вагонның алпыс құжаты бар. Кейде 10 вагонға тиелген тауарға – бір, арасында 1 вагонға бір құжат келеді. Құжатсыз вагондарға коммерциялық акт түзіледі. Бір тәулікте алты пойыз, алпыс вагонның 360 құжаты қаралса, оның біреуін 10-20 минутта тексеріп шығамыз, - дейді 38 жылдан бері осы салада еңбек ететін автоматтық басқару жүйесінің (АСУ) маманы Нұржанат Садықбекова.
Кеңседегі 25 маман әр ауысымға бесеуден түседі. Кеңсе бастығы Мәди Сәдиұлының айтуынша, пойыздың тоқтау уақыты әртүрлі. Өңделмейтін пойыздар 25 минут аялдайтындықтан, тек локомотив бригадалары ауысады. 40 минут тұратын пойыздардың құжаты өңделеді. Келген пойыздың қашан кететіні жазылатындықтан, пойыз құрастырушылар сол уақыттан кешікпей жұмысын бітіруге үйренген. Күніне орта есеппен алғанда екі бағытқа 18-20 пойыз өтеді. Арасында Түркістаннан құрастыратын бес пойыз бар. Жезқазған – Бейнеу жолы ашылғалы бұрын осы аралықтан өтетін он құрам сол жолмен жөнелтілуде екен.
– Кеңес кезінде Түркістан тәулігіне 40 пойызға дейін жіберіп тұрған екен. Вагондар ол уақытта да тескеруден өтіп, құжаты қаралған. Теміржолшылар көп болғандықтан, кестеге үлгерген. Бізде де жастарға үлгі боларлық жандар аз емес. Осында 30-40 жыл бойы тер төгіп келе жатқан Шырынкүл Адырбекова, Фархат Әшірова, Зарипа Қадірходжаева сынды мамандарды мақтан тұтамыз. Құжатты тасымалдаушылар жұмысы да оңай емес, алпыс вагонның құжатын көтеріп әкеліп, қайта апарып, екі ортада жүреді. Кейде әр 20 минут сайын, сосын 1 және 2 сағат сайын пойыз келеді. Пойыздарының арасы жақын болса, жанталас басталып, құжат өңдеуде қыздар сенікі-менікі жоқ, бір-біріне көмектеседі. Әйтпесе үлгермейді. Осылай, бір тәуліктің қалай өткенін байқамай қаламыз, - дейді Мәди Сәдиұлы.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды