Қырық қыздан құралған...
Елордадағы алты қабатты «Нұрлы жол» вокзалының, жалпы жүз мың шаршы метр аумақты алып жатқан ғажайып ғимараттың көркі гүлдей жайнаған қыз-келіншектер десек, артық айтпаспыз.
Ақындарша бейнелеп айтатын болсақ, қырық қыздан құралған ұжым бүгінде тәулігіне отыз бес мың жолаушыны қабылдайтын вокзал кешенінде халыққа түрлі сервистік қызмет көрсеттеді. Жалпы вокзал кешеніндегі жүз отыздан аса қыз-келіншектердің көбі – жас мамандар. Үш тілде еркін сөйлейтін олардың көпшілігі жоғары білімді. Кешен ашылғалы бері халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқан, кішіпейіл, ізетті де қонақжай қыздар зәулім ғимаратқа кірген жанның алдынан шығып, кез келген сауалға жауап беріп, бағыт-бағдар беріп, жол нұсқайды. Сапарлап шыққан әр адамның алғысын алады.
Бірдей форма киген кілең сұлу қызды көрген жолаушылар құдды жұмақтағы хор қыздарымен жүздескендей күй кешетіні анық. Тіпті кейбір жас жігіттер қыздарға селфи, суретке түсейік деп жалынады екен.
Жолаушылар ағынын, кезегін, қауіпсіздігін, электронды билет сату үдерісін қадағалайтын қызметкерлер күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс жасайды.
Бір ауысымда жетпіс адам алмасып жұмыс істесе, солардың тең жартысын нәзік жандар құрайды. Вокзал кезекшісі, эскалатор бойынша жауаптылар, анықтама қызметінің кезекшісі, диктор, т.т. болып бөлінетін қыз-келіншектер жұмысы жауапты да тиянақты екенін басшылық растайды. Өйткені, әйел бар жерде – береке бар.
Нұрлыжолдық нәзік жандар көктемнің шуақты күндерін, төл мерекелерін асыға күтіп жүр...
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді