Ер қанаты
Жаңалықтар
20.03.2018, 17:08
Шымкентке жақын Бадам станциясында тұратын Бақыт Бекетов – теміржолшы болумен қатар дода десе делебесі қозып тұратын нағыз көкпаршы. Жас кезінен аттың құлағында ойнап өскен шабандоз жігіт бүгінде жауынгерлік өнердің қыр-сырын соңынан ерген буынға үйретіп жүрген атбегі десек те болады.
Шымкент Электрмен жабдықтау дистанцисының Бадамдағы желілік байланыс жүйесін басқарып келе жатқанына аттай 20 жыл толыпты. Өз кәсібі бойынша оған тең келетін ешкім жоқ деседі әріптестері. Жұмыста талапшыл, қатал. Осында келген жастардың бәрін «ұрып-соғып» жүріп тәрбиелеп, мынау деген маман етіп шығарған деп әзілдейді әріптестері.
Бүгін біз Бақыт Айтмырзаұлының мамандығына орай кәсіби қырын сөз етпейміз, біз оның хоббиі – атбегілік өнері жайлы айтпақпыз.
– Бұл да бір қанмен келетін өнер болса керек. Атам, әкем мен ағам да ат ұстап, көкпар тартқан. Бүгінде бұл – менің тұрақты хоббиім. Жұмыстан қолым босағанда бар ықыласым қазіргі көкпарға дайындап жүрген үш атыма ауады.«Бір ат бір үйдің азығын жейді» дегендей, ат бағу оңай емес. Маусымда 40 күн шілде жем береміз. Осыдан кейін тағы 40 күн таң астырамыз. Аттың өзіне іш майын жегізу үшін шөп бермей, арпа-жем беруді таңастыру дейді. Ал семірткіміз келсе, бидай береміз. Қырық күн таң асқан соң 40 күн мініп, атты бабына келтіріп, іш майын жегіземіз. Осының бәрі бап. Әбден өзіне келген соң барып көкпарға қосамыз. Семіз күйінде мінетін болса, ішінде қазысының майы жыртылуы мүмкін. Одан кейін ат бұзылып, жіңішкеріп, өзін-өзі жеп қояды. Көкпарға барардың алдында бір күн бұрын мініп жаттықтыру керек. Адам да тоқ күйінде жүгіре алмайтыны сияқты, додаға қосарда атты ашықтырып апарамыз, – деп әңгімеледі Бақыт Айтмырзаұлы.
Оның айтуынша, көкпар деген құмар ойын сияқты. Көкпар шауып, ат баптаудың қызығушылығына бір түскен жігіт одан шыға алмайды. Көкпардың бәйгесі – салым туралы айтқан әңгімесі де қызық. Кейіпкеріміздің жас күнінде қазіргідей көлік тігілетіндей салым болмаған. Ары кетсе бір түйе, бір тай, кілем тігілетін. Соңғы жылдары көкпарға қосқан аты түйе бастаған тоғыз, тана бастаған тоғызға ілініп жүр. Ордабасының төңірегінде бір көкпарда салымды тана бастаған тоғызға салыпты. Малдың алдында тана бастаса, әріқарай 4 қой, 4 ешкі қосылып соны тана бастаған тоғызға жатқызады. Тағы бір аты түйе бастаған тоғызға салым салады. Салымның мөлшері де ат иесі мен шабандозға жекелеп теңдей беріледі екен.
Бақыт Айтмырзаұлының айтуынша, оңтүстікте көкпарға қатты мән береді. Ай бұрын жалпақ елге «пәленше көкпар береді» деген сауын айтылып, дәмелілер аттарын баптай бастайды. Бұрын ас көкпар, өлмес көкпар, бата көкпар көп болса, қазір той көкпар жиі өтеді. Жағдайы жақсы кісілер «көкпар беріп, бата алғанды» құп көреді. Сол той көкпарға жатады. Көкпар беретін кісі өзі барып көкпар шапқан серкені алып кетеді. Сол жерде қариялар «ат сүрінбей, жігіт құламай тарқасын!» деп бата береді. Үлкендердің батасын алып, ағайын-туыстарына серкенің етін жегізеді.
– Көкпардағы салымды ысырапшылдыққа жатқызуға болмайды. Ысырап қылдым десең көкпар бермейсің. «Әкенің малы балаға мал болмайды» деген. Сондықтан бұл да қайрымдылықтың бір түрі деп қарау керек, – дейді оңтүстіктің көкпаршы жігіті Бақыт Бекетов.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Бадам
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...