Өткел жөндеуді қажет етеді

Жаңалықтар
28.03.2018, 16:59
Атырау жол дистанциясы бойынша Исатай ауданы аумағында 14 теміржол өткелі бар. Олардың ішінде 13 өткел күзетілмейтін, тек біреуі ғана күзетіледі. Біздің сөз еткелі отырғанымыз да осы күзетілетін өткел жөнінде.  Атырау-Бақсай жол телімінің 255-шақырымында, Чапаев пен Аққыстау селосы аралығында орналасқан аталған теміржол өткелі республикалық Атырау-Астрахань автожолын қиып өтеді. Күніне ол көлік жолы арқылы жергілікті және мемлекетаралық жүздеген жеңіл және жүк көліктері, ал теміржол арқылы тәулігіне 18-20 пойыз өтеді. Әңгіме осы өткел теміржолын жөндеу жөнінде болып отыр. Соңғы уақытта қай өңірде де автокөлік пен пойыздардың соқтығысып қалу оқиғалары көбейіп кетті. Осындай келеңсіздіктің алдын алу – жол қауіпсіздігі және адам өмірі үшін де маңызды мәселе. Соған сәйкес, өткелге бейнебақылау қондырғысы орнатылыпты. Атырау жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлім басшысы Санат Нұғымановтың айтуынша, аталған теміржол өткелі бүгінгі күнде жөндеуді қажет етеді. Рельс ақауын 2 жылдан бері ауыстыруға мүмкіндік болмай келеді. Өйткені, құзырлы органдар – жергілікті әкімдік, жол полициясы тарапынан осы мәселеге жеткілікті көңіл бөлінбеуде. Жолды жөндеуге өтініш білдіріліп, ресми хат жолданғанымен, тұшымды жауап жоқ. Жол басқармасы «Қазавтодор» мекемесіне сілтейді, соңғысы 17 км  жолды түгел жөндеуді талап етеді-мыс. Тек ақаулы рельстерді ауыстыру жеткілікті кезде оның не қажеті бар... Сайып келгенде, мәселе сиырқұйымшақтанып, тұйыққа тіреледі. Жол дистанциясы қызметкерлері 2-3 сағаттық «толаскез» алып, жолды жөндегісі келгенімен, республикалық мәндегі автожолды аз уақытқа өздігінен жауып тастауға құзыреті жүрмейді. Рұқсат керек. Бұл жөнінде Исатай аудандық әкімшілігіне хабарласқанымызда, жауапты маман Еркебұлан Жоланұлы одан хабарсыз екендігін айтып ақталды. Құзырлы органдар осылайша селқостық танытып жүргенде қауіпсіздікке төнген қауіп қалыңдап кетуі ғажап емес. Оның артында жолаушылар тағдыры мен теміржол арқылы тасымалданатын мыңдаған тонна жүк, материалдық және экономикалық шығындар тұр. Құдай сақтасын, әрине, бірақ алда-жалда апатты жағдай бола қалса, обалы кімге? Өткелдегі 25 метр теміржолды ауыстырып, жаңартуды әрлі-берлі сілтеп, сонша ұзартудың не қажеті бар?

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Жаңалықтар
03.08.2026
Ақтөбе облысында екі вокзалды қайта жаңарту аяқталды, тағы бес нысан жұмыс барысында
Аймақтар
02.08.2026
Маңғыстау жол дистанциясының ашылғанына алпыс жыл
ҚТЖ келбеті
02.08.2026
«Машинистер ұстаханасынан» шыққан майталман маман
Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан