Цифрландыру – корпоративтік міндеттер шешімі

Жаңалықтар
03.04.2018, 14:20
Оқуға 4 мин
Қазақстан теміржолына дендеп енгізіліп жатқан цифрландыру жүйесі мультимодальдық, жолаушылар және жүк тасымалындағы жобаларды, инфрақұрылымдық теміржол нысандарын да қамтып, сонымен бірге корпоративтік міндеттер шешіміне де ықпал етпек. Бұл ұлттық компанияның «Цифрлы темір жол» ақпараттық технологиясын дамыту стратегиясы аясында жүргізілуде.       Ұлттық компания цифрландыру жұмыстарын белсенді жүргізіп отыр, «Цифрлы темір жол» стратегиясы шеңберінде ҚТЖ-ның 26 бастамалық жобасы бар. Соның үшеуі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар бес бағыт қызметіне бағытталған: жолаушылар тасымалы, жүк тасымалы, мультимодальды тасымал, теміржол инфрақұрылымы және корпоративтік міндеттер.          Жақында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының теміржолдағы қызмет түрлеріне енгізілу мәселесі «Қазақстан теміржолы» компаниясында өткен брифингте талқыланған еді. Компанияның ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті Арман Нұрышев жолаушылар тасымалының клиентке бағдарлануы туралы атап өте келе, соның айғағы ретінде билет сатылымдарының айқындылығы, яғни, бос орындардың болуын бақылап отыру мүмкіндігі қарастырылып, «Күту парақшасы» қызметі пайда болғанын алға тартты. Оның айтуынша, қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жолаушылардың шағым-тілектерін басқарудың тәуліктік жүйесін енгізу жоспарлануда екен.   – 2018 жыл мен 2020 жылдар аралығында тарифтерді динамикалық басқарудың жүйесін енгізу көзделуде. Бұл арқылы сатып алу мерзімі, тасымалға сұраныс, маусымдылыққа байланысты клиенттерге тиімді тарифтер ұсынылатын болады. Аталған шешім билет сатылымынан түсетін кірісті 3-12 пайызға арттырады, – дейді А.Нұрышев. Мамандардың айтуынша, цифрландыру секторының басты міндеті транзиттік жүк айналымы көлемін арттыру болып табылады. Қазірдің өзінде транзит бойынша жолдағы уақытты қысқарту теміржолдағы транзиттік жүк айналымын Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропа, Түркия, Иран бағытында  айтарлықтай ұлғайтады. Мұндағы ең басты тиімділікке электронды құжат айналымы арқылы қол жеткізілмек, соның ішінде авиатасымал саласында және интеллектуалды көлік жүйесін арттыру арқылы автожүк тасымалын да көбейтуге септік етеді.  «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ҚТЖ-ның негізгі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға бағытталған теміржол инфрақұрылымын цифрландыру жобалары жасалды. Жобалар мәліметі бойынша оны жүзеге асырудың жеке жоспары құрылды: атап айтқанда, электронды коммерция, өнеркәсіптік интернет және ауқымды мәліметтер талдауы. Осы үш негізгі ақпараттық технологиялық бағыттар теміржол индустриясын дамытпақ. Өз кезегінде электронды коммерция қатарына мультимодальды тасымал мен цифрлық логистикалық тұғырнама кіреді. Өнеркәсіптік интернет – бұл теміржол бойындағы LTE-R желілерін ұйымдастыру, GE Trip Optimizer, жолды цифрлық диагностикалау желілері. Ал ауқымды мәліметтер талдауы болса, бұл пойыздардың болжалды кестесінің нұсқалық жүйесі, қозғалысты басқару орталығы және SAP.   Мақсаттарға қол жеткізу үшін ұлттық компанияда клиенттермен өзара әрекет механизмдерін тиімді басқару, көлік-логистикалық қызметтің өзіндік құнын оңтайландыру, көлік компанияларымен әріптестік, активтерді пайдалану мерзімін ұлғайту секілді міндеттерді орындау жоспарлануда. Тасымал үдерісін ұйымдастыруда тиімділікті арттыруға бағытталған жүк қозғалысындағы ақпараттық жүйені пайдалану және енгізу туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ біріктірілген жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Владимир Петров баяндады. Оның мәлімдеуінше, компанияның жүк тасымалына енгізіліп жатқан автоматтандырылған жүйе қызметтің ауқымды көлемін қамтиды және тасымалды, станциялардағы жұмысшы орындарын, машинист бағдарының біріктірілген өңделуін, пойыз-вагон айналымы қозғалысын жоспарлау және болжауды жедел басқаруға бағытталған. «ҚТЖ» ҰК-ның жүк шаруашылығында сәтті енгізіліп жатқан жобалардың бірі «Келісім-шарттық және коммерциялық жұмыстар» автоматтандырылған басқару жүйесі болып табылады. Бұл жобамен тасымалды ұйымдастыру, жүзеге асыру, жоспарлауда, жүк тасымалына қатысты қызметтердің электронды төлемі бойынша «бірыңғай электронды терезе» қағидаты қолданылады.   – Жүк жөнелтуші интернетке шыға отырып, осы АСУ ДКР арқылы тасымалды жоспарлап, өз бетінше өтініш толтырып, тасымал құжатын рәсімдей алады және тасымал үшін тарифтің шамалас бағасын есептей алады, – дейді В. Петров.         Бүгінгі таңда аталған жүйеге жиырма мыңнан астам компания клиенттері мен бес мыңнан астам жүк станциялары тіркеліп, осымен жұмыс істеуде. Ал корпоративтік міндеттер шеңберінде тасымал үдерісін тиімді жоспарлау, тасымал бағыттары мен көлемін болжау нақтылығы және сапасын арттыру, жылдық жоспарлау үдерісін жеделдету үшін machine learning элементі арқылы жоспарлаудың біріктірілген жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жүйе ресурстарды оңтайлы бөлуге, пайдалану, коммерциялық және инвестициялық жоспарлау кезінде тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Райхан РАХМЕТОВА

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?