Жүзағаштан Дегелеңге дейін

Жаңалықтар
20.04.2018, 14:58
Семей теміржолында сәуірдің 16-сынан бастап көктемгі комиссиялық байқау шаралары басталды. Ағымдағы айдың 27-сіне дейінгі аралықты қамтитын сынақ ең алдымен Ақтоғай-Аягөз телімінің 1108 шақырымындағы Жүзағаш станциясынан бастау алды. Шығыстағы теміржолшылар үшін биылғы қыс қатал сынақ болды. Сондықтан болар, биылғы сын жылдағыдан өзгерек. Себебі, пойыз қозғалысы бойынша аса күрделі участоктардағы атқарылып жатқан жұмыстар мен ондағы сала қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі ғана емес, жазғы жол жұмыстарына әзірлік, су тасқыны, өрт сынды төтенше жағдайға даярлықтары да қатаң қадағаланады. Мұның сыртында, биылғы жаздағы ПЧ-42 мекемесі жүргізетін күрделі жөндеу жұмыстарына әзірлік те сынға түспек. Ондағы атқарылатын шаралар осы тексеру нәтижесінде анықталып, жоспарға енгізіледі. Сонымен қатар, келесі кезектегі көктемгі байқау шаралары Семей-Локоть, Жаңа-Семей-Дегелең бағыттары бойынша жүргізілмек. Тек соңынан ғана тораптық Жаңа Семей, Семей станциялары толыққанды тексеруден өтетін болады. Биылғы байқаудың тағы бір ерекшелігі – бөлімше басшылығы мен теміржол шаруашылықтарының ревизорлары шаһардың өнеркәсіптік аумақтарына қарасты түйіспе жолдар, кірме жолдар мен тұйық желілерді де толық сүзгіден өткізбек. – Мұнымен қоса, Аягөз, Шар, Дегелең мен Семей станцияларында тораптық жиындар өткізіліп, тексеру барысында анықталған кемшіліктер мен межелі шаралар сарапқа түсетін болады, – дейді Семей ЖТ бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Гүлнар Төлеуханова.  Ал, көктемгі байқаудың нәтижесі мамыр айының орта шеніне дейін толық анықталып, тиісті қарар қабылданатын болады. Оның нәтижесі алдағы уақыттарда селекторлық жиындарда кеңінен сарапталмақ.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл