Қауіпсіздік дәрісі
Жаңалықтар
27.04.2018, 16:28
Бүгінгі таңда еңбекті қорғау мәдениетін дамыту Халқаралық еңбек ұйымының ғаламдық стратегиясына айналып отыр. Еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру барысында қызметкердің еңбек жағдайын жақсарту ісі барлық жерде жанданып келеді.
Осы мақсатта №13 Тараз теміржол колледжінде 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай қауіпсіздік тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, ел экономикасын өрге сүйреуші жастар Қазақстан темір жолының даму тетігі еңбек қауіпсіздігінде екендігін анық білді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлжан Керменбаеваның ұйымдастыруымен өткен шараға колледждің әлеуметтік серіктесі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы – Жамбыл ЖТ бөлімшесінің еңбек қорғау жөніндегі жетекші инженер технологы Ербол Оспанов арнайы шақырылды.
Ербол Оспанов өз сөзінде еңбек қорғау күнінің қысқаша тарихымен таныстырып және теміржол аймағы өте қауіпті аймақ болып табылатындығымен байланысты, осынау қауіпті аймақта қауіпсіздікті сақтаудың маңғыздылы жөнінде дәріс оқып, тыңдаушыларға тақырып аясында бейнефильм көрсетті.
– Бұл жолы еңбек қорғаудың тақырыбы болашақ теміржолшыларға арналғандықтан, ең алдымен сөз болатыны – қауіпсіздік. Қазіргі таңда Елбасы Жолдауында басты бағыттардың бірі – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына ерекше көңіл бөлініп, оның орындалуы жөнінде Үкімет тарапынан нақты шаралар жасалынуда. 2007 жылы елімізде тұңғыш рет Еңбек кодексі қолданысқа енгізілді. Оның басты мақсаты – адам құқығы, оның қорғалуы, қауіпсіздік шараларының бұзылмауына жол бермеу, еңбек адамдарын құрметтеу. ҚТЖ мен оның еңбек ұжымдары арасында жасалатын ұжымдық шарт та ең алдымен адам еңбегін қастерлеу мен бағалауды мақсат етеді. Биылғы жылы 2018-2020 жылдарға арналған ұжымдық шарт қабылданып жұмыс жасауда, – деп ақпар берді Ербол Оспанов.
Жиын соңы ойын түріне ұласып, қатысушыларға тақырыпқа байланысты викторина сұрақтары қойылып, жауап бергендерге сыйлықтар берілді.
Арсен БАЙЗАҚ, Тараз
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл