Көшбасшылық қабілетке ие
Жаңалықтар
18.05.2018, 12:00
Бойында көшбасшылық қабілеті басым жанның бірі – Алматы белгі беру және байланыс дистанциясының аға электр механигі, әрі кәсіподақ комитетінің төрағасы Айгүл Естаева десек, қателеспейміз.
Мұндай қасиеті мектеп жасынан байқалған кейіпкеріміз қоғамдық жұмыстарға ерте араласып, сыныптастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруды білетін және оның кеңесіне бәрі құлақ асатын. Тіпті өзінен жасы үлкендер де оның айтқандарын жөн санауы – Айгүлдің қазіргі кәсіподақтағы қызметіне келуіне негіз болатын қабілетін танытқандай.
Теміржолдағы қызметін 1984 жылы Алматы 1станциясында ЛАЗ электр механигі жұмысынан бастаған ол өсе келе аға электр механик қызметіне көтерілді. Оның тек өз кәсібін жетік меңгерген маман ғана емес, мықты ұйымдастырушылық қабілетін де байқаған әріптестері оны кәсіподақ комитетінің төрағасы етіп сайлайды. Содан бері ол кәсіподақ қызметінің майталманына айналды, заңды, әлеуметтік саланы өте жақсы меңгерген, сонымен қатар еңбек адамымен жұмыс істеу арқылы олардың психологиялық ерекшеліктерін де жақсы ажырата алатын қасиетке де ие. Мұндай қасиеттер, әсіресе, ұжымдық шарт дайындау, маңызды құжаттарды бекіту, өз көзқарасынан айнымай, жұмысшылар құқығы мен ұжым пікірін қорғап шығуда көп көмегін береді екен.
– Мен үнемі ұжымнан қолдау табатынымды жолымның болғаны деп санаймын. Бұл белеске жету оңай емес, әрине, көп ізденіп, оқу керек. Тіпті күн сайын оқып, жаңа дүниені үйренуге, тануға тура келеді, – дейді Айгүл. Ол білімін үнемі жетілдіру арқылы біліктілігін алдымен өзіне, сосын ұжымға дәлелдеді. Қызмет барысында конференциялар мен жиындарға қатысып, сонда түрлі пікірталасқа қатысуы, өз мүддесін қорғап шығуы теміржолшыны одан әрі шыңдады. Оның ойынша, кәсіподақ қызметіне адамдарды тарту үшін қашан да адалдық, айқындылық керек. Ал жұмыстың қиындығы – сан алуан пікір мен сан түрлі жағдайы бар жұмысшылардың тілін тауып, олардың ойын жақсы арнаға бұру дейді. Ол бұл қызметтен тек белсенді, азаматтық позициясы айқын азаматтарды ғана көретінін айтады. Өзінің де өмірлік ұстанымы – өмірді сүйіп, бағалау, оны жарқын да әдемі ете түсу. Бос уақытында кейіпкеріміз пэчворк – құрақ мозайкамен айналысып, шығармашылыққа көңіл бөледі.
Елена Қолдасбаева,
Алматы
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл