Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Жаңалықтар
29.05.2018, 12:08
Семей ЖТ бөлімшесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Кеңеске бөлімше директоры Марлен Көкірекбаев төрағалық етті.
Жиынға құзырлы орындар жетекшілері, станциялар мен бөлімдер басшылары, қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрайымы, жүк жөнелтуші клиенттер, яғни, аймақтағы іргелі өнеркәсіп орындары мен серіктестіктердің өкілдері қатысты. – Мемлекеттік саясаттың басымды бағытын құрайтын сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мәселесі іргелі ұжым ретінде ұлттық компанияның да негізгі міндеттемелерін құрайды. Бұл орайда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру» бойынша іргелі шаралар жүзеге асырылып жатыр, – дей келе Марлен Кәрімұлы жүргізілген жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Мәселен, салалық қызметке жұмысқа қабылдау, жүк жөнелтуші клиенттермен жұмыс т.б. бойынша «бармақ басты, көз қыстылыққа» жол бермеуде елеулі шаралар бар. Бұл ретте, алаяқтық фактілерінен бастап, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алды алынуда.
Басқосуда бөлімше басшысы Жаңасемей станциясынан жасақталатын жүрдек Шаттл пойызының тиімділігі, заманауи тұрғыдағы келісімді коммерциялық жұмыстың автоматтандырылған басқару жүйесіне қатысты мәселелер де кеңінен сөз болды. Десек те, жиынның өзегі бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев айтып өткен жүк жөнелтуге тапсырыс беруші клиенттердің құқығын қорғау мәселесіне қатысты еді. Бұл ретте, Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша өткен жылдың шілде айынан бастап коррупциялық нышаны бар әрекеттерге жол бермеу мақсатында арнайы сенім телефоны және «Semtemirzhol@mail.ru» электронды поштасы тұрақты түрде жұмыс істейді.
Сонымен қатар, жиын барысында сөз алған қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова бүгінгі таңдағы жемқорлықпен күрестің қоғамдық негіздемесіне тоқталды.
Жалпы, бүгінде басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып табылатын семейлік теміржолшылар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін ширатуды, сондай-ақ, партия бағдарламасы аясында аталмыш міндеттің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды жемқорлық әрекеттеріне қарсы қозғалысқа тартуды маңызды деп санайды.
Қуаныш Қожаев, Семей
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады