Бурылдықтар бұйымтайы еді
Жаңалықтар
08.06.2018, 15:57
Құрылысы өткен ғасырдың 1946 жылдары басталып, 1948 жылы аяқталған Бурыл станциясы бір кездері облыс орталығы Тараз қаласының шетінде орналасқан болса, бүгінде қала кеңейіп, станция орталыққа қарай ығысқан.
Әу бастан станцияда жаяу жүргіншілерге арналған жол қаралмаған болатын. Тіпті заң жүзінде де станцияда пойыздардың тоқтауына рұқсат жоқ. Алайда, қазір станция аумағынан жаяу жүргіншілер легі көп өтетін болғандықтан, мұнда қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі көбейгені анық. Ел ішінде «Тастақ» аталып кеткен бұл аймақта бүгінгі күні алты мыңға жуық адам тұрады.
– Жаяу жүргіншілер жолын салып беруді өтініп бармаған жеріміз, қақпаған есігіміз жоқ. Осы төңіректегі жұрттың қолын жинап, талай әкімдердің жиналыстарында өтініш білдірдім. Барлық кезде құрғақ уәде алып, жол үстінен аспалы көпір салуға қаржы да бөлінеді деген. 70 жылдан астам уақыт өткенде тұрғындардың талап-тілеген өзіміз осы округтен сайлаған Тараз қалалық мәслихатының депутаты орындап берді. Депутат Нариман Мауленов қажетті құжаттарды заң жүзінде жасақтап, Астанадан рұқсат алып, арнайы жол белгілерін қойып, жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Бұрын «Тасқақ жолы, туфлидің соры» дегенді жиі еститінбіз. Енді бұл жол қауіпсіз, сапалы, әрі ыңғайлы. Бетон құйылған жол рельстерге кедергі келтірілмейтіндей етіп жасалынған, – дейді жергілікті тұрғын Оразбек Өскенбай. Бұл жұмыстың басы-қасында Бурыл станциясының бастығы Айдын Файзуллаұлы да қолынан келген көмегін көрсетіп, арнайы мамандардың жұмысты қадағалауын ұйымдастырып бірге жүріпті.
Жалпы бурылдықтардың бұйымтайын орындауға көп уақыт кетпепті. Тек Астанадан рұқсатты ұзақ күткен. Тұрғындар таңертең балаларын балабақшаға пойыздың арғы бетінен бергі бетіне тасиды. Кешке қайтар кездерінде қолдарында азық-түліктері және де балалары бар, кейбіреулер пойыздың астынан да өтуге мәжбүр болған екен кезінде. Өйтпесе тағы болмайды дейді олар. Өйткені, жолда пойыз тұрған кезде «тоқтаңыздар», «күте тұрыңыздар, қазір пойыз жүреді» деген хабарламаны тыңдап, пойызды күтем деп автобустан қалып, мектеп пен жұмысқа кешігіп калған жағдайлар өте көп кездесіпті.
Бүгін, міне, осылайша бурылдықтардың тағы бір проблемасына нүкте қойылды.
Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады