Бірінші байлық...

Жаңалықтар
12.06.2018, 12:21
Теміржолшылар денсаулығының дұрыстығы – қозғалыс қауіпсіздігінің кепілі. Яғни, дені сау адам ғана еңбек процесін қалыпты жүргізе алады. Жуырда «Атырау темір жол ауруханасы» ЖШС өкілдері мен өлке теміржолшылары кездескен жиында тараптар осындай қорытындыға келді. Жиынға «Атырау жүк тасымалы» бөлімшесінің бас инженері Бауыржан Қартан бастаған теміржолшылар, кадр мамандары және қауіпсіздік инженерлері,  аурухананың директоры Серік Досжанов бастаған дәрігер-мамандар қатысты. Негізгі мәселе – теміржолшылар денсаулығы. Жиында сөз алған Б.Қартан басқосудың басты мақсаты – теміржолшылардың денсаулығын тексеретін аурухана дәрігерлері және басшылығымен жүзбе-жүз сөйлесіп, қордаланған күрмеулі мәселелерді бірлесе шешу, сөйтіп ортақ мәмлеге келу деп атап өтті. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, негізгі мәселе теміржолшылардың жыл сайын медициналық тексеруден өту кезіндегі жайттар екен. Әсіресе, облыс орталығынан шалғайдағы аудандарда, станция, деполарда еңбек ететін теміржолшылар, соның ішінде локомотив депосының машинистері мен көмекшілері тексеруден жергілікті жерден өтеді. Аурухана дәрігерлері сол жерлерге барып тексеруден өткізеді. Алайда, медициналық қорытынды 1 аптадай уақыттан соң, Атырау қаласына алып кетіп, егжей-тегжейлі қараған соң беріледі. Ол жұмысқа кедергі келтіреді. Себебі, тексерістен кейін қызметкердің кейбірін кері қалаға шақыртып, қайта тексереді. Бұл жұмысшыларға қолайсыз. Мақат ТЧЭ-4 депосының персоналдар менеджері Қ.Балабевтың айтуынша, ол локомотив бригадаларының дұрыс режимде жұмыс жасауына нұқсан келтіреді. Өйткені, медициналық қорытындысыз жұмысқа қосуға болмайды, қоспауға тағы амал жоқ, өйткені оларды алмастырып отыратын адам жоқ. Жұмыс тоқтамауы тиіс. Сондықтан ол кардилог, профпотолог мамандарды тексеру кезінде қатыстырып, қорытындыны сол күні бергенді жөн санайды. Ал дәрігерлер болса, ондай мүмкіндік жоқ, аппараттардың бәрі қалада екенін алға тартады. Жалпы, тексерудің локомотив депосы ғимаратының тар бөлмелерінде өтуі оның сапасына әсер етеді дейді теміржолшылар. Сондықтан, басқа жерде өтуі тиіс. Мұның бәрі әуел бастағы келісім-шарттың дұрыс жасалмағандығынан болып отырғандығын айтады бас дәрігер С.Досжанов. «Алға қарай барлық теміржолшылар жылына бір рет өтетін медициналық тексеруден Атырау қаласындағы темір жол ауруханасынан өтуі тиіс. Барлық тексеру аппараттары осында, оның бәрін ауданға тасып апару мүмкін емес. Екіншіден, сапалы тексеруден өткен жұмысшы сапалы жұмыс жасай алады. Ол үшін амбулаториялық картасы болуы міндетті. Сауы не аурулығы анықталмаған адамды жұмысқа қосу қауіпті» дейді ол. Дәрігердің айтуынша, теміржолшылар арасында қан қысымының жоғарылығы мен көз нашарлығы басым екен. Қант диабеті, созылмалы гастрит, жүрек талмасы, т.б. ауруы бар адамдар кездеседі. Бірақ оларды сондай ауруың бар екен деп жұмыстан шығарып тастауға болмайды, мүмкіндігінше жеңіл жұмысқа ауыстыруды қарастырған жөн. Шындығында, көпшілігі ауруын жасырады, бәрі де жұмыс жасап, ақша тапқысы келеді. Бірақ оның салдарын ойламайды дейді дәрігерлер. Бір темір жолдың айналасында жұмыс жасап жүріп, басқа лауазымға ауысқанда, мәселен, магистральдық желі бөлімшесінен тасымал бөлімшесіне, медициналық тексеру неге ақылы дейді мамандар. Олай болатын себебі, есеп шоттары басқа екен. Көз дәрігерінің ақылы болатыны да бұрынғы шартта солай қаралған-мыс. Бөлімшенің басқару аппараты мамандары тексеруден тұрғылықты жерден өтеді. Алда жаңа келісім-шарт жасақталғанда бәрі де темір жол ауруханасынан өтетін болады деп келісілуде. Ал, жұмысқа жаңа тұрып жатқан адамдар медициналық тексеруден ақылы түрде өтеді екен. Соның өзіне 16-22 мың теңге шамасында ақша кетеді. Ол жұмысқа жаңа қосылатындар үшін әжептәуір қаражат дейді кадр мамандары.  Дәрігерлер кадр мамандары еңбекке жарамдылық қағазын қарап отырып, оларға мониторинг жасап отырғаны жөн деген пікір айтты. Кімнің қандай аурумен ауырғаны, қашан және қалай емделгенін біліп отыру үшін. Еңбекке мүлдем жарамсыз адамдарды жұмыстан шығару кезінде түсіндіру жұмысын жүргізіп, психологиялық тұрғыда дайындау қажеттігі де айтылды. Жиын соңында кадр мен қауіпсіздік инженерлері және дәрігерлер үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесе жұмыс жасайық деген мәмлеге келді.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті