Қызметтік көлікке қол жеткізді

Жаңалықтар
19.06.2018, 14:26
Тозығы жеткен техниканың жүргенінен ақаумен қаңтарылып тұрғанын көре-көре көздері үйреніп, қызметтік көлікке иек артудан да қалған "Вагонсервис" АҚ Маңғыстау телімі жұмысшыларының  қуанышында шек жоқ... "Жол азабын жүрген біледі" демекші, күнделікті жұмысқа бірнеше шақырымды артқа тастап, күнде бір әуре-сарсанмен жететін қызметкерлер енді  жұмысқа су жаңа "ПАЗ" маркалы автобуспен қатынайтын болды.  – Мұның алдында ескі Газель, одан бұрын ескі АБЗ маркалы автобус болды. Техникалық жағдайына байланысты олардың жүруінен тұруы көп еді. Үйге бірде жетсек, бірде жолда қалатынбыз. Таксимен жүру қалтаны қағады, сондықтан ауыл мен қалааралық қоғамдық көліктерге шығатынбыз. Өзім осында 2008 жылдан бері жұмыс істеймін. Ақтау қаласында тұрамын. Қалаға мекемемізге жақын ауылдан №103 автобусына, ол болмаса станцияның басына дейін жаяу жүріп кетіп №105 маршрутына отыратынмын. Ақтауға солай жетіп, әрі қарай үйге басқа көлікпен жететінмін. Шаһар мен станцияның арасы шамамен 20 км асады. Қоғамдық көліктің бағытымен ол жол одан да ұзара түседі. Осылай уақытымыздың бәрі жол үстінде өтетін. Әйел кісі болғандықтан отбасы бар, балаларды таңертеңгі оқуға, бақшаға жіберіп, алып келу, күтіп алу керек дегендей. Көлік жоқта мұның біріне үлгермейтінбіз. Енді міне, қызметтік арнайы көлік шықты, жұмысқа еш қиындықсыз барып-келеміз, – деп қуанышымен бөлісті жұмыстан шығып, жаңа автобуспен үйіне кетіп бара жатқан "Вагонсервис" АҚ Маңғыстау телімінің еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженері Айтбибі Аңғарбаева. Қызметтік автобус күніне төрт мезгіл, күндізгі және түнгі ауысымда өз жолаушыларын тасымалдайды. Ол үшін екі жүргізуші бекітілген, олар сырттан емес, сол мекемеде жұмыс істейтін, автобус жүргізуге куәлігі бар теміржолшылардан таңдалған. – Қызметкерлеріміз тек Ақтау емес, жан-жақтағы Батыр, Қызылтөбе, Маңғыстау 1,2,3,4,5 сияқты елді мекендерден де қатынайтын болғандықтан оларды тасымалдау үшін автобус күніне 200 шақырымға жуық жол жүреді. Жанармайы талонмен мезгілінде беріледі. Оның пайдасын біз ғана емес, бізбен бір ғимаратта орналасқан, бір бағытта қатынайтын "Жолаушылар тасымалы" мекемесінің жұмысшылары да көруде. Олар да риза. Автобус жылдың бірінші тоқсанында 9 миллионға жуық теңгеге алынған болатын, – дейді "Вагонсервис" АҚ Маңғыстау телімінің басшысы Нұркен Қайров.

Шахида Жұман, Маңғыстау

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл