Екі дүние есігі Түркістанда...
Жаңалықтар
26.06.2018, 11:57
Шымкент теміржол бөлімшесінің Қызылордамен шектесетін ең соңғы нүктесі – Түркістан станциясы. Мың жарым жылдан астам тарихы бар ежелгі түркі жұртының астанасына теміржол тартылғалы да ғасырдан асқан.
Өткен ғасырдың басында салынған Орынбор–Ташкент теміржолының бойында жатқан көне қаланың теміржол станциясын талай жылдардан бері басқарып келе жатқан Қадыр Сырлыбеков бастаған теміржолшылар Түркістанның облыс орталығы статусын иемденгенін зор қуанышпен қарсы алды. Күрежолдың бойында жатқан ер түріктің бесігі күллі әлемге мәшһүр атағымен-ақ жоғары статусқа лайық деп санайды олар. Ал теміржолшылар үшін қаланың облыс орталығына сай өсіп-өркендеуі жүк тасымалының өсуіне сеп.
Түркістанға теміржолшы кәсібінің мықтап енгеніне де ғасырдан асқан. Станция ұжымның 70 пайызы жасы елуден асқан, өз ісінің шеберлері екен, басым бөлігінің еңбек өтілдері 20-30 жылды құрайды.
– Бүгінде ұжымда 132 адам еңбек ететді. Станция ұжымы халық шаруашылығы жүктерін тасу жөніндегі бес айлық жоспар мен жүк түсіру жоспарын 100 пайызға орындаса, вагон айналымы 106 пайызға, пойызды қабылдап-жөнелту 100 пайызға орындалып отыр. Сондай-ақ, өңделген транзитті вагондар – 105, өңделмегені – 100, бір жүк операциясында вагонның бос тұруы102 пайызға орындалып отыр. Нақты сандарды сөйлететін болсақ, бес айда 1301 вагонның орнына 1352 вагон айналымда болған. Тәулігіне 13 пойыз қабылданып, тағы сонша пойыз жөнелтілген. 25-тің орнына 28 вагоннан жүк түсіріліп, 9-дың орнына 16 вагонға жүк тиелген, яғни жөнелтуі тиіс 647 тонна 853 тоннаға артқан. Вагондардың статистикалық жүктемесі 53,2 тоннаны құрап отыр. Дөңестен 486 орнына 490 вагон тасталған. Жұмыс паркінде 172 вагон тұруы тиіс болса, нақты іс жүзінде 196 вагон болып, меже 88 пайызға орындалды. Бір жүк операциясы кезінде вагондардың бос тұруы 16,7 сағатты құрауы тиіс болса, нақты іс жүзінде 21 минутқа ғана ұзарып, яғни 16,28 сағатта орындалған, – деп мәлімет берген станция бастығы Түркістан қай кезде де бөлімше бойынша алдыңғы саптан көрініп келе жатқанын жеткізді.
Қадыр Сырлыбековтің айтуынша, станциядағы барлық саланың жұмысы нормативтік талаптарға сай атқарылады. Мәселен, еңбекті қорғау мен санитарлық- сауықтыру іс-шараларын жақсартудың кешендік жоспары әзірленген. Ол жоспардың орындалуы ай сайын топ жиналысында бақыланады. Кешегі мамыр айында станцияда жазатайым оқиға орын алмаған. Осы айда жұмысшылардың еңбек жағдайын қаншалықты сақтайтынын білу мақсатында екі рет түнде, екі рет күндіз шұғыл тексеру жүргізіліпті.
– Телеграммалар негізінде жұмысшыларға әуелі өзге аумақтарда орын алған өндірістегі жазатайым оқиғаларды түсіндіреміз. Біліп тұрса да, арқасын кеңге салмай жинақы жүру үшін мамандардың еңбекті қорғау нұсқаулықтарын қайталап сұраймыз. Кешегі мамырда 2 рет №856-ЦЗ және №605-Ц бұйрығына сай еңбекті қорғау жөніндегі техникалық сабақ жүргізілді. Сонымен қатар, бөгде адамдардың жол бойында бей-берекет жүрмей, белгіленген орындармен өтуі үшін «Жолда адам» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Ол жүйені атқаруға барлық теміржолшылар мүдделі болғандықтан, ай сайын станцияның топ жиналысында ескертіледі - деген станция бастығы қауіпсіздіктің сақталуы үшін мүмкіндіктің бәрі жасалатынын жеткізді.
Вокзалда пойыз тоқтап тұрғанда теміржол бойында жүрудің ережесі дауыстық хабарлама арқылы таратылады. Жол бойына 18 қауіпсіздік белгісі жаңарып, 20-сы жаңадан қойылған.
– Тағы бір айта кететіні, еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес, жұмыс орындары мен өндірістік нысандарын тексеріліп, аттестациялаудың кестесі бекітілді. Еңбек қорғау инженері әр жұмысшының күн сайын медициналық тексеруден өтуін қадағалайды. Қызметкерлер уақытылы арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген, – деп сөзін аяқтады станция бастығы.
Жыл он екі ай жүк және жолаушы тасымалының қауіпсіздігін қамамтасыз етіп отырған бекет ұжымы алдағы уақытта облыс орталығының теміржол торабы да жанданып, қозғалыс артатынын болжап отыр.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Түркістан станциясы
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл