Халықаралық хабқа айналудың бес принципі

Жаңалықтар
05.07.2018, 10:17
Астанада 2-3 шілде күндері Global Silk Road Жібек жолы бойындағы қалалар мэрлерінің форумы өтіп, онда «Белдеу және жол» бағдарламасы талқыланды. Бағдарлама шеңберінде Жібек жолы елдерінің жолдарындағы жаңа көліктік-логистикалық хабтардың құрылуы және дамуы тақырыбында панельдік сессия өтті. Онда сессияға қатысушылар халықаралық тасымал саласында Жібек жолы дәлізін дамытуға және транзиттік әлеует, логистика параметрлеріне көлік секторы бойынша қандай сын-тегеуріндер бар, Еуропа мен Азия әуе хабтары арасында әуе желісін дамыту перспективалары сияқты тағысын тағы сұрақтарға жауап іздеді. Еуропалық қайта құру және даму банкінің Ресей, Орта Азия, Моңғолия аумақтары бойынша инфрақұрылым жөніндегі директоры Екатерина Мирошник, Орталық Азия әлеуеті мол аймақ болғандықтан, Еуропалық даму және қайта құрылымдау банкі осы аймаққа  басымдық беріп отырғанын атап өтті. «Картаға қарайтын болсақ, Қазақстан, Моңғолия сияқты елдер үлкен ауқымды аумақты алып жатыр және инфрақұрылымы бойынша өте жоғары. Әуе және құрлық жолдары бойынша көп жұмыс жасауды талап етеді. Біз осы аймақтарда соңғы уақытта не жасадық дейтін болсақ,  22 млрд еуро инвестиция салдық. Біз жасаған дүниенің басым бөлігі мемлекеттік секторда іске асты. Көп инвестиция салатын мемлекеттер қатарында Қазақстан бесінші орында. Былтыр Қазақстан төртінші орында болды. Бұл аймақтағы негізгі сектор, ол – көлік. Ең көп жоба да  Қазақстанда екенін атап өтер едім. Қазір Өзбекстан саяси режимнің өзгеруіне байланысты жаңадан ойыншы ретінде қосылып, енді ғана сырт елдерге өздерін ашып жатыр. Алдағы бір-екі жыл ішінде инфрақұрылымға қатысты жобалардың күрт өсуін күтіп отырмыз. Қазір Орта Азия елдерінде логистика дұрыс дамымаған. Қазақстанда бірнеше жақсы жоба бар, атап айтқанда, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», т.т.. Ондағы жобалар көбінесе еуропалық қаржыландыру арқылы жүргізілуде. Осы ретте, бұл жобаларды жүзеге асыру барысында осал тұстарын атап өтсек, ол мемлекеттік қаржыландыруға тәуекелді болу және жеке секторлардың әлсіз болуын атар едім. Қазақстан Орта Азия елдері арасында жоғары орынға ие. Қазақстанда тасымалдың көбісі жеке компаниялар иелігінде. Логистиканы дамыту бағытында да серпін бар. Сосын аумақта ұзақмерзімді жоспарлар жоқ, әдетте, мұндай жоспарлар 10, 15, 20 жылға жасалып, қаржыландыру ұлттық валютада жүргізілуі керек. Қазір біз Қазақстанның Ұлттық банкімен бірге жұмыс жасап, қазақстандық жобаларды теңгемен қаржыландыру жағын қарастырудамыз. Мұндай қадамдар болашқта өзге елдерде де жүргізеледі деген сенімдеміз. ЕҚҚДБ тек жобаларды асырумен шектеліп қалмайды, кеңес беру қызметімен де айналысады. Мәселен, Қазақстанның мекемелерімен грант беру бойынша жұмыс жасаймыз. Азияның басқа мемлекеттерінде донорлармен жұмыс жасаймыз. Немесе біз өзіміздің жеке табысымызды грант ретінде осы мемлекеттерге ұсынамыз. Мысалы, Қазақстанда өмір деңгейі жақсарып келеді, сондықтан сапасы жақсырақ құрылымға сұраныс бар. 2015 жылы мемлекеттік-жеке сектордың бірлесе жұмыс істеу бағдарламасы қабылданды. Жекешелендіру бойынша да бағдарламалар бар. Бірақ, ол баяу жүргізілуде. Қазақстанда қандай сын-тегеуріндер мен қиыншылықтар бар дейтін болсақ, бірінші кезекте, мәселе макроэкономикаға байланысты туындап отыр. Қазақстан мұнай бағасына тәуелді. Мұнай бағасы түсіп кетсе, ол Қазақстан үшін тиімсіз. Сондықтан инвесторларға Қазақстанды басқа жағынан танып білуді ұсынып отырмыз. Өз кезегінде, Қазақстанның кредиттік рейтінгі өте жоғары екенін, сондықтан көлік саласына қатысты жобаларға инвесторларды да көптеп тарту мүмкіндігі бар» деп өз ойын білдірді ЕҚҚДБ өкілі. Ал биыл тұсауы кесілгелі отырған Халықаралық көлік дипломатиясы орталығының атқарушы директоры Игорь Рунов, бұл орталық халықаралық дәліздерде жүк тасымалдаушылардың мейлі ол әуе немесе құрлық, су көлігі тасымалдаушылары болсын, тасымал барысында туындаған мәселелерін дипломатиялық тұрғыдан шешуге атсалысу екенін атап өтті. Сиань халықаралық Құрғақ порт корпорациясының жетекшісі Цюй Цзиньвэй Жібек жолы елдерінің бойында құрылып жатқан көліктік-логистикалық хабтар Қытай және Оңтүстік Азия елдерінен жасақталып шыққан жүктердің мейлінше қысқа қашықтықта Батыс Еуропа қалаларына жететінін, осы ретте басымдыққа ие Халықаралық көлік дәліздері таңдау индикаторы болып Қазақстан үшін уақыт факторы айрықша рөл ойнап отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол Қытайдың провинцияларынан жүктерді шоғырландыруда Сиань халықаралық Құрғақ портының маңызы зор екенін жеткізді. Қазақстан бойынша «ІАТА» аймақтық жетекшісі Джордан Карамалаков бүгінде әуежелісі бойынша халықаралық хабқа айналуда Қазақстанға Әзербайжан мен Қырғызстанның бәсекелес бола алатынын, бірақ, халықаралық хаб болу үшін логистика, транзит, сервис, қауіпсіздік, қызмет көрсету, техникалық жарақтандыру, тағысын тағы мәселелер бойынша халықаралық стандарттар талабынан шыға білу керектігін алға тартты. Жиынға қатысушылардың түпкі ой-пікірі халықаралық дәліздің барлық бағытында контейнерлік тасымалды ұйымдастыру барысында логистиканың 5С принципін (стоимость, сервис, сохранность скорость, стабильность) бұлжытпай орындағанда ғана жемісті болады дегенге ұласады. Ислам ТАЛҒАТ    
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты