Бейнеу станциясы толық жаңғыртудан өтеді

Инфрақұрылым
15.09.2025, 12:28
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Цифрлық темір жол» стратегиясы аясында Бейнеу станциясы толықтай жаңғыртудан өтеді. Бұл туралы Ақтөбедегі автоматика телемеханика және байланыс орталығының жетекші инженері Ғалымжан Жаманшиев хабарлады.  

Бүгінде инфрақұрылым және көлік логистикасы секілді маңызды қызмет көрсету сегменттеріне жаңа технологияларды енгізу басым жұмыстардың біріне айналды.  

Ақтөбедегі автоматика телемеханика және байланыс орталығында жаңғырту жұмыстары жүйелі атқарылуда. Мұнда батыс аймағындағы жұмыстар бір жерден ұйымдастырылады.  

«Көліктік-логистикалық кешенді цифрландыру  ашықтықты қамтамасыз етеді. Мұны тәжірибеден көріп отырмыз. Бір компьютерден басқару мүмкіндігіне қол жеткізу жұмысты жеңілдетеді. Қазір Бейнеу станциясында жаңғырту жұмыстарын бастау туралы телеграмма алдық. Енді жоспарлау, енгізу жұмыстары нақтыланды», – деді жетекші инженері Ғалымжан Жаманшиев.

Бейнеу – бірнеше бағытқа қатынайтын маңызды тораптың бірі. Станцияда 10-нан аса жол жүк тасымалына арналған. Тоғыз жолдың торабында тұрған станцияның цифрлануы жүк тасымалын жеңілдететіні сөзсіз.

Жетекші инженерге Бейнеу станциясында орналасқан вокзалды күрделі жөндеуден өткізу барысында СОБ құрылғыларын көшіру міндеті жүктелген. Айтуынша, станцияны цифрландыру процестерінің жетістігін алдағы жылы көреміз.  

Нәтижесінде ресурстарды тиімді түрде бөлуге, эксплуатациялық, коммерциялық  шешімдер тиімді қабылдауға мүмкіндік береді.  

 

Инфрақұрылым
15.09.2025
Бейнеу станциясы толық жаңғыртудан өтеді
Станция тынысы
15.09.2025
Теміржолшылардың қажырлы еңбегі: Арал станциясының көрсеткіштері
Аймақтар
15.09.2025
Матай станциясында локомотившілердің демалыс үйі күрделі жөндеуден өтті
Әлемде
15.09.2025
Alstom Польшаға арнап екіқабатты электр пойыздарын жасайды
Әлемде
15.09.2025
Ресей Арктикадағы теміржол желісін дамытуға ниетті
Жаңалықтар
12.09.2025
ҚТЖ-да еңбек қорғау және экология бойынша корпоративтік олимпиаданың жеңімпаздары анықталды
Жаңалықтар
12.09.2025
ҚТЖ сатып алу жүйесіне жасанды интеллект енгізіп, отандық өндірісті қолдайды
Жолаушылар тасымалы
12.09.2025
«Алматы – Мәскеу» бағытында тікелей теміржол қатынасы ашылады
Жаңалықтар
12.09.2025
Өткенге есеп, келешекке міндет
Қауіпсіздік
12.09.2025
Қауіпсіздік өзіңнен басталады
Жүк тасымалы
12.09.2025
Семейде көмір тасымалы артты
Әлеумет
12.09.2025
ҚТЖ балаларға ерекше қамқорлық көрсетуде
Жаңалықтар / Мұрағат
12.09.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 12 қыркүйек 2025 жыл
Инфрақұрылым
11.09.2025
Қазақстанда 1700 км-ден астам жаңа теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
11.09.2025
ҚТЖ: Алматы облысында Агро-индустриялық паркті дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
Әлеумет
11.09.2025
«Саламатты Қазақстан» пойызы ШҚО-ға келді
Аймақтар
11.09.2025
Абай өлеңдерін оқыды
Жүк тасымалы / Бейнелер
11.09.2025
Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа бағыт іске қосылды
Жүк тасымалы
11.09.2025
ҚТЖ-да астық тасымалы талқыланды
Жаңалықтар
10.09.2025
Кәсіподақтың XI съезі өтті