Қауіпсіздік – қаруы

Жаңалықтар
05.07.2018, 10:28
Ақтөбе станциясының басшылығы тек мамыр айында ғана Қозғалыс қауіпсіздігі күндері қарсаңында 12 рет тексеру жұмыстарын жүргізіпті. Оның екеуі станция басшысының, қалғаны орынбасарларының қатысуымен өткен. Сонымен бірге, мамыр айында 2 жоспарлы, 2 жоспардан тыс техникалық сабақ өткізілген. Техникалық сабақтар кезінде станция басшылығы «Қолайсыз метеорологиялық жағдай туындағанда контейнерлік пойыздар қозғалысын ұйымдастыру» тақырыбында арнайы дәріс өткізді. Сонымен бірге, «Шаруашылық пойыздарының теміржол бойында жұмыстар жүріп жатқанда қозғалысы» тақырыбы да әңгіме арқауына айналды. Станция басшысы орынбасарларынан бастап пойыз құрастырушыға дейін қатаң талап ететіні – қауіпсіздік қағидаларының қатаң сақталуы. Сондықтан әрбір станциялық  «қауіпсіздік – қаруым» деген ұранмен жұмыс жасайды десек, қателеспейміз. Техникалық дәріс белгі беру және байланыс, жол, электрмен қамтамасыз ету дистанцияларының, локомотив пайдалану депосының машинистері мен нұсқаушыларының қатыстырылуымен де  өткен.   Ақтөбе станциясын еңбек жолын Жіңішке станциясында пойыз құрастырушы болып бастаған тәжірибелі теміржолшы, аймаққа белгілі еңбек әулетінің өкілі   Нұрлан Ермағамбетов басқарады. Станция бастығы жыл басынан бері өрескел қателік немесе олқылыққа жол берілмегенін, дегенмен 200-ден астам адам еңбек ететін, бірнеше бөліктен тұратын үлкен станцияда айлық кезінде анықталған кем-кетікті жойып, көрсеткіштерді жақсарту мақсатында жұмыстанып жатқанын алға тартады. Мысалы, өткен сәуір айында «Пойыз құрастырушы – маневр жетекшісі» деген тақырыпта айлық шара жарияланған. Тексеру кезінде кейбір мамандар бұл айлықтан хабарсыз болып шыққан. Теміржолшылардың өзара әңгімесі таспадан тыңдалғанда да олқылықтарға жол берілген екен. Мәселен, қарапайым команда беруді ұмытып кетіп жататын кездер, пойыздарды да рұқсат етілмеген орындарда ағыту жайттары жоқ емес екен. Автотежегішті іске қосуды ұмытып кететіндер де кезіккен. Стеллаждарды құлыпқа жабу керектігін естен шығарып алатындар бар. Бір оператор Жіңішке атауын Жайсаң деп қате хабарлап жіберген. Журнал толтырғанда қол қоймай кеткендер бар. Ал, оның салдары үлкен дауға әкелетіні сөзсіз. Нөмірді қате жазу да қауіпті. Кейде кезекшілер дауыс зорайтқышпен сөйлескенде фамилия, жолдың нөмірін, бекеттің реттік нөмірін хабарлауды ұмытып кетіп жататыны да ішінара кездеседі. Ақтөбе станциясының бастығы Нұрлан Ермағамбетов аптаның әр сейсенбісінде станция басшысы күнін өткізеді. Оған теміржол қозғалысына жауапты барлық мекеме басшылары қатысып, жұмыс барысын талқылап, пысықтап, экипировка, жабдықтау, пойыздарды жолдарға орналастыру, т.б. жұмыс барысындағы жайттар сөз болады. Ақтөбе-1, Ақтөбе-2 станциялары жұмыс сипатына қарай телімдік және бірінші класты станция қатарына жатқызады. Ақтөбе-2 станциясы механикаландырылған дөңесте орналасқан, пойыздар құрамын құрастырып, реттеп отыруға арналған. Дөңестің биіктігі екі метр, ол жерден 10 сұрыптау жолына вагондар жиналады. – Жалпы, Ақтөбе-1 станциясында 8 қабылдап алу-жөнелту жолы бар. Ал, Ақтөбе-2 станциясында осындай 5 жол қарастырылған. Сонымен қатар, станция бойынша 65 кірме жол бар. Оның 9-ында қауіпті жүктер тасымалданады, ал маневрлі жұмыстар Ақтөбе станциясының тақ паркінде жасалады. Ақтөбе станциясы екі бағытта жұмыс істейді, бірі Ақтөбе мен Илецк аралығы, екіншісі Ақтөбе мен Қандыағаш аралығы бойынша, – деп мәлімет берді станция басшысы. Жолаушы тасымалына тоқталсақ, Ақтөбе-1 станциясында күніне 7 жолаушылар пойызы сапарға аттанады екен. Екі пойыз құрамы Алматыға, ал Атырау, Астана, Жем, Шалқар бағыттарына бір пойыздан жолға шығады. Сонымен бірге, Алматыдан Мәскеуге қатынайтын пойыз да осы жерде қаралады, Ресей астанасына қатынайтын пойыз тіркемелері жалғанады.  Алматы, Астана, Атырау бағытында қатынайтын жолаушы пойыздары сұрыпталады. Ақтөбе арқылы қатынайтын  "Тұлпар-Тальго" пойыздарына, сонымен қатар Өзбекстанның, Қырғыз елінің жолаушылары пойыздарына да қызмет көрсетіледі. Асқар Ақтілеу, Ақтөбе Суретті түсірген автор                  
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады