Локомотив бригадаларымен жұмыс

Жаңалықтар
10.07.2018, 12:21
Локомотив бригадаларының жұмысын дұрыс үйлестіру, ондағы байланыс құралдарын тиімді пайдалану – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір парасы. Сол бағытта машинистер мен станция кезекшілері аралығында сөйлесу регламентін сақтау үнемі қадағаланып тұрады.   Атырау локомотив пайдаланым депосы пайдаланым бөлімінің инженері Айдар Қонарбаевтың айтуынша, соңғы уақытта радиобайланыстың берік орнатылуы, станциялардағы өлі аймақтарды анықтау, қолдағы радиостанциялардың жарамдылығы жіті тексерілуде. Атырау, Ақжайық, Махамбет станция басшыларымен бірлесе отырып маневрлі локомотив бригадаларының сапалық құрамын бекіту, машинистер мен көмекшілерінің, пойыз құрастырушылардың психологиялық үйлесімділігін, жұмыс тәжірибесі мен еңбек тәртібін қарау бойынша мәселе қаралуда.   Айналымдық деполарда, шалғай станцияларда маневрлік қозғалыстағы барлық ауысымдық локомотив бригадаларының лауазымдық міндеттерін дұрыс атқаруы да назарда. Жалпы барлық аймақта байланыс жақсы, локомотив бригадаларының басым бөлігі ескертусіз жұмыс жасаған. Тексеріс кезінде анықталған кемшіліктерге сәйкес өз міндеттерін дұрыс атқармаған және тәртіп бұзған машинистер мен көмекшілеріне шара қолданылды. Депода еңбек қорғау шаралары толықтай орындалып, сақтық шаралары талапқа сай.  Ай сайын «Еңбек қорғау» күні, кестеге сәйкес локомотив бригадалары, жүргізушілермен техникалық сабақтар өткізіліп келеді. Рейс алды, ауысым алды медициналық байқаудан өтіп, жұмысшылар арнаулы киіммен 100 пайыз қамтылса, жұмысшы-қызметкерлерге электр қауіпсіздігі жөнінде аттестация өткізіліп, локомотив және цехтар медициналық құрал-жабдықтармен жеткілікті мөлшерде жабдықталған. Депода локомотив бригадалары үшін тұрмыстық корпус (санитарлық блок) пайдалануға берілгені де жақсы болды. Бұл жұмыс сапасының жақсаруына да оң әсер етті. Қазақстан темір жолында болып жатқан әрбір жазатайым оқиғалар да жоспарлау мәжілістерінде уақытылы талқыланып, депоның барлық қызметкерлерімен жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізіледі. Басшылар мен машинист нұсқаушылар еңбек қорғау жұмысына қатысу нормативтерін орындау мақсатында бекітілген кестеге сай Атырау-Ганюшкино-Ақсарай, Атырау-Мақат-Құлсары учаскелеріне апта сайын шығып, локомотивтердегі еңбек қауіпсіздігі жағдайын, локомотив бригадаларының еңбекке қабілеттілігін тексеріп отырады. Қосұйым Мұқашев, Атырау    
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл