Теміржолға тиіп тұр...

Жаңалықтар
10.07.2018, 12:33
Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселесіне арналған кеңейтілген жиында сөз болған тақырыптың бірі жол бойына жақын, заңсыз салынған тұрғын үйлер, қауіпсіздік үшін оларды жол бойынан алыстату мәселесі болды.   Жауапты мамандардың айтуынша, жолға жақын тұрғын үй әсіресе Қаратау ауданында көп шоғырланған. Бұлар 2005-2006 жылы легализациядан өтіп кеткен. Теміржолдың дәл түбінен салынған үйлер тарсылдап-гүрсілдеп тұрғындарға жайсыздығы өз алдына, аса қауіпті, егер жаман айтпай жақсы жоқ, вагон не локомотив жолдан тайып кетсе, үймен қатар адамдарға да қауіп төніп тұр. Бөлімшенің заңгері Ерғали Жансейітовтің айтуынша, Түлкібастан Арысқа дейінгі аумақта «теміржолға тиіп тұрған» заңсыз салынған үйлер 20 мыңға жуық. Жол бөлімі қызметкерлерінің араласуымен бүгінге дейін оның жүз шақтысы ғана реттелген. Соңғы 3 жылда ұлттық компанияға Шымкент темір жол аумағынан 7 гектар жер қайтарылған. Оның 5 гектары Жылға, екі гектары Шымкент станциясының аумағынан алынған. – Облыстық жер комитетіндегі бағдарламада әр шаршы метр жер картада бар. Кадастрлық номері жазылған. Яғни, иесі бар деген сөз. Ал теміржол аумағындағы  қызыл сызықпен беліленген жерлер картада көрсетілмеген. Осыны көрмеген қала, аудан әкімдігі теміржолдың аумағындағы жерді сұрағандарға беріп, нысан салуға қаулы шығарған, – дейді заңгер Е.Жансейітов. Аға көлік прокуроры Сейдахмет Мүсіров заңға сәйкес теміржолдан 20 метр жер темір жолдың күзетілетін аймағы болып табылатынын, жер комитетіндегілер осыны қайта қарау керектігін айтты. Теміржолда күзетілетін және қауіпсіздік үшін бөлінген жер болады. Ол аумақтарда ештеңе тұрғызылмауы тиіс. Қауіпсіздік жерін теміржолшылармен келісілген түрде ғана пайдалануға болады. Ол үшін бөлімшедегі заңгер алдымен теміржолдан аумағындағы заң жүзіндегі жерлерді белгілеп, одан соң жер комитетіне апарып, дәлелдеуі керек. Егер аталған мекемедегілер келіспесе, онда арызды прокуратураға жазуы тиіс деген ұсынысын айтты. Келер жылы жиналғанда тағы да осы мәселені қозғамас үшін, нақты іс жасап, кешіктірмей теміржол бойындағы жерлерді қайтаруға нақты қадам жасау керектігі баса айтылды.     Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл