Асыра сілтеу болмасын
Қызмет бабын асыра пайдаланып, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу, парақорлыққа тосқауыл қою теміржол саласы қызметкерлері үшін де өзекті болып отыр.
Өйткені, аталмыш тарапта көлеңкелі көріністердің салада да ішінара орын алып жататыны жасырын емес. Бұл ретте қоғамдық қырағылықты күшейтіп, қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы зор. Осынау жайт Семей ЖТ бөлімшесіндегі антикоррупциялық кеңестің дөңгелек үстелінде кеңінен айтылды.
Басқосуға негізінен желі бойындағы салалық мекемелер басшылары, қатардағы теміржолшылар, арнайы органдар өкілдері қатысты. Жиынды кеңес мүшесі Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов ашып, отырыстың өзектілігіне тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушілік мәселесі бойынша бөлімше көлеміндегі атқарылған шаралар ретін де сөз етті.
Ал, келесі сөз кезегін алған аймақаралық антикоррупциялық басқарманың Семей өңірі бойынша жетекшісі Ғалымжан Қошқарбаев қазіргі таңдағы жемқорлық көріністерінің түрлеріне кеңінен тоқталды. Бұл қоғамдық дерт білім беру, денсаулық сақтау, т.б. салаларда жиі кездеседі екен. Қуантарлығы сол, теміржолшылар аталмыш фактілер бойынша қарқынды күрес жүргізу нәтижесінде болар, қара тізімде жоқ. Десек те, «бес саусақ бірдей емес» демекші, ұжымның жемісті де жетістікті істеріне нұқсан келтіріп, «бармақ басты, көз қыстылық» арқылы оңай табыс тапқысы келетіндер де кезігіп қалып жатады. Мұндай көріністер арасында әсіресе «сыйақы» алып, жұмысқа орналастырамын деген өтірік уәде беруші алаяқтар ісін ерекшелеп атауға болады.
Жиын барысында жемқорлық кесірінен бостандығы шектелген жандардың өкініші мен аталмыш бағыттағы жүргізіліп жатқан қарқынды күрес жайын сөз ететін деректі бейнефильм көрсетілді.
Айта кету керек, бүгінде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша коррупциялық нышаны бар әрекеттерге жол бермеу мақсатында арнайы сенім телефоны және «Semtemirzhol@mail.ru» электронды поштасы тұрақты түрде жұмыс істеуде.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды