Цифрлық жүйеге көшірілді

Жаңалықтар
13.07.2018, 09:57
Оқуға 3 мин
Семей темір жолы бөлімшесі бойынша байланыс және белгі беру саласы жылдам қарқынмен дамып, тың жаңашылдықтармен толығып келе жатқан бірегей сала саналады. Жуырда Шығыстағы байланысшылар үшін ғасыр жаңалығы орын алды.   Жалпы ұзындығы 371,4 шақырымдық желі бойына қызмет көрсететін ШЧ-29 мекемесі байланыстың заманауи тәсілі – цифрлық жүйеге толық көшіріліп, озық технологиямен жабдықталды. Әрине, бұл  бағыттағы шараларды жүзеге асыру семейлік теміржолшылар үшін оңайға түспеген. Ол үшін алдымен бәзбір жол айрықтарындағы байланыс құрылғыларын жаңарту қажеттілігі туындапты. Атап айтсақ, ескірген НР релесі заманауи НМШ релелік жабдығына ауыстырып, релелік шкафтар орнатылған. Бір бұл емес, бағдаршам бастиектері жаңартылып, жаңадан линзалы прожекторлық светофорлар орнатылды. Мұнымен қатар, прожекторлық бағдаршамдарды заманауи Н1 және Ч2 нормалы линзалық белгі беру құрылғыларына алмастыру, Шар және Суықбұлақ станциялары бойынша КПТШ-715 құрылғысын ТМ17-RWD блогына ауыстыру және бірқатар жол айрықтарындағы пульт-таблоларды жаңарту да керек болды. Ал ол үшін инженерлік-техникалық іс-шаралар жүргізуге қажетті арнайы кесте әзірленген-ді. Сондай-ақ, тірек бағаналармен тартылған кабельдер, антенналар да толығымен ауыстырылған. Бұл ретте негізгі салмақ радистерге түсіпті. Десек те, аталмыш шаралар межелі мерзім ішінде толық тәмамдалған. Осылайша, бірінші кезекте цифрлық жүйеге көшудің алғышарты жасалыныпты. – Теміржол саласын цифрландыру – ерте ме, кеш пе бәрібір орын алатын шара. Уақыттың өзі осыған әкеліп отыр. Ал, біз ресейлік әріптестермен тиімді келісім жүргізу, өзара әрекеттестік арқылы аталмыш жаңашылдыққа қол жеткіздік.   Мәскеулік «Информтехника» компаниясы сәуір айының соңын ала жұмысын бастап, тек жуырда ғана жаңа цифрлық жүйе өзегі DX-500 құрылғысын толығымен монтаждап, орнатып берді. Жұмыс барысы үш айға созылды. Әйтсе де, бұл жаңашылдықтың орын алуына біздің қызметкерлердің де үлесі мол, – дейді Семей белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Бейбіт Түменғали. Міне, осылайша Локоть-Семей, Семей-Шар, Дегелең-Семей телімдері толығымен жаңашыл технологияның игілігін көруде. Яғни, теміржолдағы байланыс саласы толық модернизациядан өтіп, жаңа дәуірге аяқ басты деген сөз. Дистанция басшыларының айтуынша, мұндай жаңашыл шараның берері көп. Мәселен, пойыз диспетчері мен жол диспетчерін жол өткелдерімен байланысқа қосу, қумажол байланысын жақсарту, бір сөзбен айтқанда, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда жаңа мүмкіндіктерге тыңнан жол ашылды деген сөз. Бір бұл емес, бүгінде желі бойындағы жұмыс сапасын арттыру үшін КТСМ-2 құрылғысының бірліктері қолданылуда. Бұл жабдықтау мен автоматикаландыру бойынша қабылданған ауқымды жоспар аясында іске асып отыр. Аталмыш бағыттағы іс әлі де жалғаса бермек. Оған мекеменің материалдық-базалық құрылымы толық мүмкіндік беруде. Қазіргі күні ШЧ-29 бойынша 18 техникалық бірлік бар. Мамандар да жеткілікті. Бұл – жаз мезгілінде дәл осылай қауырт жұмыс жүргізуге мейлінше қолайлы жағдай тудырып отыр екен.   Қуаныш Қожаев, Семей
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды