Жолаушыларға есік ашық
Жаңалықтар
31.07.2018, 10:40
Былтыр Астанада заман талабына сай, әлемдік деңгейдегі озық жабдықтармен жарақталған «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешені бой көтергелі, көпшіліктің арасында енді Астана-1 теміржол вокзалы қажет болмай қалады деген жансақ пікір жиі болмаса да, арагідік айтылып жүр.
Бәлкім, талапшыл әрі жаңашыл жолаушының сұранысы жаңа деңгейге өскендігі осы пікірге себеп болар. Олай болса, сұранысқа ұсыныс демекші, тарихы сонау өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталатын, кейін тәуелсіздік алған 90-ыншы жылдардан бері үздіксіз жолаушы тасымалына қызмет етіп келе жатқан Астана-1 вокзалы қазір де ауыз толтырып айтатындай жетістіктерден кенде емес. Сапалы сервис сәтті сапардың кепілі екенін ескерсек, Астана-1 вокзал кешені ағымдағы жөндеуден бастап, жабдықтарды жаңарту, абаттандыру сынды шаруалардан басқа, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға да жіті мән беруде.
Жыл басынан бері вокзалдағы күту залына үш бірдей жаңа LED монитор орнатылып, орындықтар ауыстырылған. – Былтырдан бері жүйелі қаржыландырудың арқасында вокзалдағы бейнебақылау жүйесі, қауіпсіздікке кепілдік берер тексеру орындарындағы соңғы үлгідегі құрылғылар жұмысымыздың оң нәтижелі болуына септігін тигізуде. Сондықтан басшылық тарапынан мұндай шаралар тұрақты іске асатын болады, – дейді вокзал басшысының орынбасары Қуаныш Мақашов. Және де вокзал кешеніндегі 10 бірдей эскалатор толығымен ауыстырылмақ. Жаңа жабдықтардың да қатары толығып жатқандығын осыған дейін де мәлімдегенбіз. Нақтырақ айтсақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың вокзал кешені ішінде емін-еркін кез келген баспалдақ арқылы жоғары қабаттарға көтерілуіне арналған мобильді жыланбауыр көтергіштің алғашқы сынақтан өткізіліп жатқандығы – осының айғағы.
Қарқынды түрде ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, вокзал маңайын көгалдандыру, айналасын абаттандыруға да ерекше мән берілген. Себебі, қалаға келген қонақтарға алғашқы әсер осы вокзалдан қалыптасары анық, – деген вокзал басшылығы, бұдан өзге «қыстың қамын жаз ойла» әдетімен алдағы қысқы маусымға дайындықтың қарқынды басталып кеткендігін тілге тиек етті.
Вокзал басшылығы күнделікті еңбек ететін тоқсанға жуық қызметкердің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру жағынан да қалыс қалмауда. Қарағанды қаласында апталық курсқа жіберіліп, техникалық қауіпсіздік, сервис бойынша тәлім алуда.
Ендеше, Астана-1 теміржол вокзалының есігі жолаушылар үшін әрқашан ашық.
Ардақ Зұлқажапқызы
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл