Отын шығыны кірісті еселеді
Жаңалықтар
31.07.2018, 11:02
Семей бөлімшесі бойынша, әсіресе қозғалыс саласында оң өзгерістер орын алуда. Атап айтсақ, соңғы айларда пойыз тартымының артуы байқалады. Оған бірінші кезекте ықпал ететін жайт отын-энергетикалық қор екені белгілі.
Аталмыш тарапта бөлімше бойынша жанармай қолданысына жүргізілген сараптама қорытындысына жүгінсек, біршама елеулі жаңалықтар бар екен. Баса тоқталатын жайт, соңғы 6 ай бойынша дизельдік шығынның нақты жоспарлы нормасы 24,93 кг/10 мың т. шқ. брутто болса, іс жүзінде орындалуы 27,0 кг/10 мың т. шқ. бруттоны құраған. Бұл көрсеткіш қозғалыс шаруашылығы үшін қомақты қаржы саналатын 1 799,94 тонна жанармай артық жұмсалды деген сөз. Алайда, осынау мәселеге сараптама жүргізген өндірістік-техникалық бөлім мамандарының сөзіне сүйенсек, отын шығынының асып кетуі алаңдатарлықтай маңызды проблема емес. Себебі, осынау шығындардың нәтижесі көптеген жетістіктерге, кіріске бастап әкелген. Оның ең бастысы бруттодағы жүк айналымының 8,3%-ға өсуі болып отыр. Ал, соның арқасында бөлімше бойынша орындалған тонна километрлік жұмыс көлемі 107,15 пайызға ұлғайыпты.
Десек те, өндіріс барысында үнем мәселесі ұдайы қатар жүреді. Яғни, басы артық, орынсыз шығынға жол жоқ деген сөз. Осы ретте ЖТ бөлімшесі бойынша пойыз тартымына дизель отынын нақты тұтынуды азайту бойынша бірқатар жоспарлы, ілкімді шаралар қабылданған-ды. Атап айтсақ, тепловоздарды пайдалану паркінің жүк түріндегі қозғалысын азайту, станциялардағы негізгі және айналым уақытын 2,1 пайызға төмендету сынды шаралар тиімділік әкелді. Сол себепті де жарты жыл ішіндегі жанармай үнемділігі бойынша 471,55 тоннаның, яғни, 80 млн-нан көп қаражаттың таза пайдасы орын алып отыр.
Бөлімшедегі қозғалыс саласы бойынша мұндай оң сипаттағы мысалдарға көптеп тоқталуға болады. Мысалы, жүк айналымының артуына байланысты 1,2-ші класты тораптық станциялардағы маневрлік локомотивтер саны да артқан. Жалпы, отын-энергетикалық қор бойынша қол сұғу мәселесі де тіркелмеген. Тоқтала кетер болсақ, қауіпсіздік шаралары мақсатында барлық тепловоздар энергетикалық отын тартымын автоматтандырылған басқару жүйесі сынды жаңашыл аспаппен жабдықталған. Локомотивтердегі энергодиспетчерлік тартымды анықтайтын АСУ ЭДТ құралдары да жанармай жұмсаудың есебіне қызметкерлердің рұқсатсыз кірісуіне жол бермейтін бірегей мүмкіндік саналады.
Қазіргі таңда осынау көрсеткіштер бойынша бөлімшеде арнайы мамандар жұмыс жасап жатыр. Басты мақсат сол, пойыздар тартымына дизель отынын нақты тұтынуды азайту, үнемдеу арқылы шығынды азайта отырып жылдық қосымша кірісті еселеу негізгі меже ретінде алынды.
Қуаныш Қожаев, Семей
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды