Ақтауда «Каспий порттары және кеме қозғалысы-2019» көрмесі өтті

Жаңалықтар
17.05.2019, 17:55

Ақтауда 13-15 мамыр аралығында «Каспий порттары және кеме қозғалысы-2019» атты бірінші халықаралық көрме және конференция өтті.

Шараға халықаралық деңгейдегі 30-дан астам шетелдік көлік және логистика компанияларының өкілдері мен 40-тан астам сарапшылар қатысып, Каспий теңізі аймағының көліктік инфрақұрылымын пайдалану арқылы аймақтық экономика мен сауда-саттықты дамытудың жаһандық тенденциясын талқылады.

Қазақстан темір жолы компаниясынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Павел Соколов, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ президенті Абай Түрікпенбаев, тағы бірқатар жауапты тұлғалар қатысып, ұлттық компания мүмкіндіктерін паш етті.

Көлік және логистика саласындағы озық тәжірибелермен алмасу, тасымалдау процесінің барлық қатысушыларымен тұрақты байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылған конференция Ақтау қаласындағы «Caspian Rivera» қонақ үйінде өткізіліп, көрмеде 300-ден астам теміржол, теңіз, көлік және логистика компаниялары, өңірдегі жетекші жүк жөнелтушілер, порт жабдықтары және қызмет көрсету мекемелерінің өкілдері өнімдерін ұсынып, мүмкіндіктерін таныстырды.


Конференцияда «Әлем нарығы мен халықаралық логистика. Азия және Еуропа арасындағы сауда жолдарын дамыту және жетілдіру» тақырыбы бойынша өткен сессияда «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Павел Соколов сөз сөйледі. Ол ұлттық компания ұсынып отырған көліктік-логистикалық қызмет түрлері, транзиттік контейнерлік тасымалдардың көлемі жайлы кеңінен мәлімет берді.

«Бүгінгі таңдағы біздің жұмысымыз Қазақстан арқылы қосымша жүктерді тартуға бағытталып отыр. Жүк айналымы көлемінің 13 пайызын транзиттік тасымалдар құрайды. Біз Қытайдан Еуропаға және кері бағытта Қазақстан арқылы өтетін көлік дәліздері арқылы жүк жеткізудің бірнеше нұсқасын ұсына аламыз» – деген Павел Соколов ҚТЖ бүгінгі таңда барлық іскерлік белсенділігін логистикалық компаниялары арқылы ұсынып отырған транзиттік уақыттың сақтауы үшін көрші елдердің теміржолдарымен байланысты дамытуға бағыттап отырғанын жеткізді.

Жиынға қатысқан Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Елбасы саясатының арқасында тәуелсіздік жылдары елімізде 2,5 мың шақырым жаңа теміржол мен 12 мың шақырымнан астам автожол салынғанын, теңіз жағалауында жаңа көпфункционалды порт және соңғы үлгідегі логистикалық орталық бой көтергенін атап өтті. Айтуынша, Фидер кемесі іске қосылғаннан кейін жүк тасымалы бірден артқан. Порттың табысы 2020 жылға қарай 40 пайызға ұлғаймақ екен. Облыс әкімі мұны жақсы көрсеткіш деп бағалады. Бұл тек біздің өңірімізде ғана емес, бір желіде орналасқан басқа елдердің де тасымалы артатындығын көрсетеді.


Конференцияда ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қайриден Нұркенов баяндама жасап, порттардың қуатын арттыру мақсатында Ақтау портында екі жаңа терминал салынғандығын, бүгінде қазақстандық порттардың қуаты 26 млн тоннаға дейін жетіп отырғандығын мәлімдеді.

Ал, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының президенті Абай Түрікпенбаев Ақтау теңіз порты елімізді жаһандық және өңірлік нарықтармен байланыстыратын аса маңызды транзит екендігін айта келе, конференцияда жасалған ұсыныстар барлық қатысушыларға пайдалы боларына, бұл іс-шара өзара тиімді көлік стратегияларын құру жолындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізуге және транзиттік жүктерді тартудың тиімді тетіктерін құруға ықпал етеріне сенімділігін жеткізді. «Осындай маңызды имидждік оқиғаның қазақстандық алаңда өткізілуі отандық көліктіклогистика секторын дамытуға мол мүмкіндік бермек», – деді ол. 

Әлемде
08.04.2026
Жапонияда 30 жыл ішінде 1300 шақырымнан астам теміржол жабылған
Инфрақұрылым
08.04.2026
Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы жалғасуда
Жаңалықтар
08.04.2026
Темір жолға тартылған қаражат неге керек – сарапшы түсіндірмесі
Жолаушылар тасымалы
08.04.2026
ҚТЖ-ның әйелдерге арналған вагондарымен 856 мыңға жуық жолаушы сапарлады
Жаңалықтар
08.04.2026
Отандық теміржол өнімдері еуропалық стандартқа сай сертификатталуда
Жүк тасымалы
08.04.2026
Үш айда Өзбекстаннан Қытайға 76 контейнерлік пойыз жөнелтілді
Спорт
08.04.2026
Ғасырлық тойға – спорттық тарту
Жаңалықтар
08.04.2026
Қазақстан мен Грузия: Стратегиялық серіктестік пен «Орта дәліздің» болашағы
Жаңалықтар
07.04.2026
Қазақстан мен Грузия көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Жолаушылар тасымалы
07.04.2026
Астана – Омбы халықаралық бағытында RWS Wagon компаниясының жаңа 45-үлгідегі жолаушылар вагондары қатынай бастады
Жүк тасымалы / Инфографика
07.04.2026
Теміржол көлігімен жүк тасымалы көрсеткіші тұрақты өсімді көрсетуде
Әлемде
07.04.2026
Польшада көпфункционалды Combo вагондары қолданысқа берілді
Жаңалықтар
07.04.2026
«Мөлдір бұлақ»: Атыраулық теміржолшылар Жайық бойын тазартты
Трансформация
07.04.2026
Машина жасаудағы маңызды қадамдар
Жолаушылар тасымалы
07.04.2026
Бес облысты басып өтетін жаңа маршрут
Аймақтар
07.04.2026
Бұлақ көрсең көзін аш
ҚТЖ келбеті
07.04.2026
Қырық жыл – қас-қағым сәт
Спорт
07.04.2026
Теміржолшылар шаршы алаңда
Аймақтар
07.04.2026
Ертіс жағалауындағы сенбілік
Жаңалықтар / Мұрағат
07.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №26 07 сәуір 2026 жыл