Ғасырлық тойға – спорттық тарту

Спорт
08.04.2026, 09:28
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясында жай ғана спорттық дода емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған тағылымды шара – шағын футбол ұйымдастырылды. Теміржолшылардың еске алу турнирі қазақ руханияты мен теміржол саласының мақтанышына айналған құрметті теміржолшы, ақын, аудармашы, тыл және еңбек ардагері Шайхислам Серікбайұлының 100 жылдығына арналды.

Турнирдің ашылу салтанатында «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, Қызылорда теміржол ардагерлері кеңесінің төрағасы Марат Шайжан, сондай-ақ Асылбек Серікбаев, Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Алпамыс Саимов, Қызылорда станциясының басшысы Әмірбек Матжанов, сала ардагерлері Нұржауған Досанов пен Есен Тасқынбаев сөз сөйлеп, Шайхислам Серікбайұлының өнегелі өмір жолын тебірене еске алды. Олар жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, мұндай игі шаралардың ұрпақ тәрбиесіндегі орны ерекше екенін атап өтті.

– Біршама уақыттан бері облыс көлемінде, менің әкем-Шайхислам Серікбайұлының 100 жылдығына арналып өткізіліп жатқан шараларға қатысып қолдау білдірген теміржолшыларға алғысым шексіз. Енді Қазалы ауданында өткізілетін үлкен іс-шара жоспарланып отыр. Бүгінгі тағылымы терең бастаманың ұйытқысы болған «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Қызылорда филиалы мен Қызылорда теміржол ардагерлері кеңесі. Бұл екі ұйымның бірлескен жұмысы теміржолшылардың бірлігі мен рухани тұтастығын айқындайтын маңызды қадам болды, – деп әріптестеріне алғыс білдірді Асылбек Серікбаев.

Жеребе бойынша қарсыластары анықталған командалар арасындағы тартысты ойындар қыза түсті. Алайда бұл додадағы басты мақсат жеңіс емес, тұлғаға тағзым, ардагерлерге құрмет, теміржолшылар арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайту.

Бұл турнир теміржол саласының тек өндірістік қуатын ғана емес, рухани әлеуетін де айқындайтын жарқын көрініс.

Шын мәнінде Ардагерлер кеңесі өткеннің өнегесін жаңғыртса, «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ сол игі істің нақты тірегіне айналып, теміржолшыларға қызықты спорт сайысының өтуіне қолдаушы және ұйымдастырушы болды.

Өзіндік қызығы мен тартысты таласқа толы, тосын жағдайсыз 10 ойын өткізген командалар арасынан  жүлдегерлер анықталды.

– 3-орынды Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «НЖС-10» командасы иемденді. Жеңімпазға сәл ған есе жіберген Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының «ШЧ-39» құрамасы 2-орын алды. Ал, 1-орынды қарсыластарының бәрінен бәсі басым түскен Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» командасының машинистері қанжығаларына байлады. Жүлдегерлердің барлығына кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтар, диплом табысталды, – деді спорт инспекторы Бақытжан Имбергенов.

Ойынның үздік қорғаушысы «ЭЧ-25» командасының ойыншысы Бейбіт Каменов атанды, үздік қақпашы болып «ШЧ-39» командасынан Нұрлыбек Дәулетов таңдалды. Үздік ойыншы Нұрлыбек Көбеков (ТЧЭ-34), үздік шабуылшы аталымы «ДС Кызылорда» командасынығ ойыншысы Дастан Құрманғазиевқа тапсырылды.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады