Нарықтың жаңа сегментін дамытуда
Жаңалықтар
06.10.2016, 16:29
Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарада кедендік процедуралар жойылып, экспорттық, импортық және ішкі қатынастардағы тарифтер біріздендірілген болатын. Соған қарамастан 2015 жылы екі ел арасындағы жүк тасымалының көлемі 82 млн тоннаны құрап, алдыңғы жыл көрсеткішінен 10 пайызға төмен болып отыр. Ал үстіміздегі жылдың 9 айында 55,7 млн тонна жүк тасымалданған, бірақ, бұл көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға кем.
Бұл туралы кешегі Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық XIII форумы шеңберінде болған «Бизнес қажеттілігін тиімді қамтамасыз ету тұрғысында Қазақстан мен Ресей көлік-логистикалық кешенін дамыту» тақырыбындағы панельді сессияда «ҚТЖ» ҰК»АҚ вице-президенті Еркін Жусанбаев жасаған баяндамада мәлім болды. «Қазақстанда көлік-логистика сервисін дамыту» мәселесін баяндамасына сөз еткен Еркін Семетайұлы былтыр Ресейге көмір мен темір кені тиелімінің, ал Ресей арқылы өтетін мұнай, мұнай өнімдері мен астық экспортының 13 пайызға қысқарғанын, сондай-ақ, транзиттік тасымал көлемінің де кеміп кеткенін атап өтті. Есесіне, Ресей арқылы және бұл елден келетін импорттық жүк көлемі 6 пайызға артқан. Негізгі жүктер цемент, пиломатриал, қара металл, құрылыс жүктері, темір кені екен.
–Қазақстан мен Ресейдің қатысуымен болған тасымал көлемінің жалпылай кемігеніне қарамастан, ҚХР – ЕО – ҚХР бағытында контейнерлік транзит тасымалының қомақты өсіміне қол жеткізілді. Былтыр Қазақстан мен Ресей аумағынан жүріп өткен контейнерлік пойыздар саны 129 пайызға немесе 254-тен 581 пойызға дейін артты. Биылғы 9 ай ішінде де екі есе өсімге қол жетіп отыр, – дейді ҚТЖ вице-президенті.
Ол дәстүрлі жүк түрлеріне қатысты тасымалдың төмендеп кетуіне байланысты олқылықтар орнын толтыру үшін, «ҚТЖ» ҰК»АҚ-ның стратегиясы 2010 жылдан бастап транзитті және мультимодальды көлік-логистикалық қызметтер сегментіндегі өсімге бағытталғанын айтады.
– Бүгінде біз клиенттерімізге жаңа көліктік-логистикалық өнімдерді ұсынуға дайынбыз, олар шаттл-пойыздар, мультимодальды тасымалдар. Былтырдан бастап Қазақстанда контейнерлік пойыздардың қайта реттелгенін атап өтер едім. Ол икемді жағдай мен сервистің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар аралас тасымал үшін заңдық база жасақталды, ол өз кезегінде түрлі көлік түріміне біртұтас көлік жүкқұжаты бойынша тасымалды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ҚТЖ транзитті мультимодальды тасымал көлемінің динамикасына оң ықпал ететін өз стратегиясын табысты жүзеге асыруда. Нәтижесінде Азия – Еуропа бағытындағы контейнерлік тасымал көлемі 2016 жылы 2011 жылдың деңгейінен қарағанда 100 есеге артатын болса, ал 2020 жылға қарай контейнерлер тасымалын 800 мың ДФЭ-ге дейін жеткізу көзделіп отыр. Транзиттік тасымалдан кірген кіріс үлесі 35 пайызға жетіп отыр, ал таяу болашақта бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізу міндетін алға қойып отырмыз, – деген Еркін Жусанбаев елімізде көлік-логистика сервисін дамыту бағытында атқарылып жатқан игі іс-шараларға кеңінен тоқталды.
Ол нарықтың жаңа сегменттерін қамтамасыз ету бағытында Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттарында көлік дәліздерінің жаңа архитектурасын түзетін 2500 шақырымдық жаңа темір жол желісі салынғанын, қазіргі кезде темір жол, автомобиль жолдары және Каспийдегі порт инфрақұрылымының өткізу қабілетін кеңейтуге қатысты жобалардың жүзеге асып жатқанынан хабардар етті форумға қатысушыларды. Сонымен қатар заманауи терминаль қуаттарын дамыту жаңа сегмент өсімінің маңызды факторы екенін атап өтті.
–2014 жылдан бері Компания Қытайдың шығыс жағалауындағы Ляньюнган портының терминалдық инфрақұрылымына қатысып келеді. Астана қаласында былтыр Орталық Азиядағы ең ірі көліктік-логистикалық орталық пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін Шымкентте осыған ұқсас КЛО іске қосылмақ. Орта мерзімді болашақта тағы 3 КЛО салу жоспарланып отыр, – деп түйіндеді сөзін «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті.
ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев пен РФ Көлік министрінің орынбасары – статс-хатшысы Сергей Анисов модераторлық еткен басқосуда екі елдің көлік саласы басшылары баяндама жасап, бірлесе тиімді жұмыс істеу жолдарын қарастырды. Ал басқосу соңында «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов пен «Российские автомобильные дороги» мемлекеттік компаниясының Басқарма төрағасының қаржы саясаты жөніндегі бірінші орынбасары Иннокентий Алафинов Жаңа технологияларды енгізу және жол құрылысы саласы бойынша келісім және әріптестік меморандумына қол қойды.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді