Қазақ-Қытай жобасының таныстырылымы өтті

Жаңалықтар
25.05.2016, 09:54
23  мамыр күні Шымкент қаласындағы «RIXOS  Хадиша Шымкент» қонақ үйінің Банкет залында «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығының (ХШСО) мүмкіндіктері мен болашағы талқыланған кездесу өтті. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құруға инвестициялар тарту»  атты  VI қазақстандық-қытайлық жобаның  таныстырылымына ҚХР Синьцзян Ұйғыр автономиялық ауданы Іле Қазақ автономиялық аумағының әкімшілік істер губернаторының орынбасары Лу Шуцзян,  Іле Қазақ автономиялық аумағының Халықтық-Саяси консультативтік кеңесі төрағасының орынбасары Чжао Юнлун, көрші елдегі «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы партиялық жұмыс комитетінің әкімшілік істер бойынша хатшысы,  Қорғас қалалық партия комитетінің жетекшілері қатысты. Қазақстан жағынан «Қорғас» ШЫХО Инвестиция және халықаралық қарым-қатынас басқармасының басшысы Жандос Ермекұлы, ҚР Ұлттық  кәсіпкерлер палатасының өкілі Серік Мұсаев, ОҚО сауда және туризм даму мекемесі басшылығының қызметкерлері мен отандық бизнес өкілдері, қысқасы екі елді қосқанда оншақты компания қатысты. Басқосуда «Қорғас» ШЫХО  қазіргі тынысы, болашағы, сауда-экономика тұрғысынан екі ел үшін маңыздылығы, орталықты дамытудың жобалары  барысында баяндама жасалды. Компания өкілдері ауыл шаруашылығындағы жоғары сұрыптағы тауарлардың сапасын жақсарту, өндіріс аясын кеңейту жағын сөз ете келе, әрқайсысы сауда кешендерінің аумағы мен жылдық  тауар айналымы мен тауар өтімділігі жайлы мәлімет берді.  Жиынға қатысушылар орталықтың даму болашағы, салынып жатқан нысандар мен Ұлы Жібек жолы бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан екіжақты әріптестік қатынасты сөз етті.  Жүйелі түрде өткізілетін жобамен таныстыру рәсімі Алматы мен Астанадан кейін бірінші рет Шымкент қаласында қолға алынуда.  Оған Оңтүстік Қазақстан облысында ірі өнеркәсіп орындарының шоғырлануы  мен экономикалық әлеуетінің жоғарылығы  себеп болса керек. Әрі Шымкент қаласы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саяси жолдауымен «Жібек жолының экономикалық белдеуі» концепциясымен тығыз байланысты екені де назарға алынған. – Басқосуда  сауда-экономикалық жұмыстарды ұлғайтудан бөлек,  туристік бағыттарды дамыту да сөз болды. «Қорғас» аумағында инфрақұрылымдық және инвестициялық нысандар салуды жүзеге асырудың жолдары жан-жақты сараланды. Инфрақұрылымдық нысандар Қазақстан қолдауымен салынады, әрі қазіргі таңда аумақ құрылысқа дайын. Оған қоса, бүгінде орталықтағы инвестициялық аумақтың 70 пайызы инвесторларға  бөлінген.  Қазіргі күні «Ерке Нұр», «Хоргос КАТ», «Казстройинвест» ЖШС сынды  отандық ірі компаниялардың нысандары салынып та қойды. Екі жыл бұрын құрылған қазақ-жапон  логистикалық орталығында жақында үшінші нысанның құрылысы бітті. Олар бұл жобаға 1 млрд теңге инвестиция салған болатын. Қытайлық жаңа компания басшылары да біздің аумаққа инвестиция салғысы келеді. Шет мемлекеттермен қатар өз еліміздің инвесторларына да жақсы жағдай жасалуда. Бірқатар  жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Инвесторлар келесі жылдан бастап корпоративтік және жер салығынан босатылады. Тағы бір жаңалық, Қазақ-Қытай университеті салынып, 2018 жылға қарай  бітіру жоспарға енгізілді.  Осы оқу орнының түлектері тіл, технология, логистика саласының  замануи түрлерін меңгеріп, орталықты дамытуға еңбек етпек. Болашақта жақсы жетістікке жету үшін бизнестің кез-келген саласын меңгерген мамандары осы оқу орталығында даярламақпыз, – дейді «Қорғас» «ШЫХО» АҚ Инвестиция және Халықаралық қарым-қатынас  басқармасы басшысының орынбасары  Құрбанжан Ахметов. ҚР мен ҚХР шекарасының  шектес аймағында орналасқан, Қазақ-Қытай бірлескен «Қорғас» ХШСО жобасының жалпы ауданы 560 гектарға созылған. Шекаралық аймақтағы  әріптестікті дамыту  мақсатының басты мақсаты –   Қазақстан, Қытай және өзге үшінші мемлекеттердің азаматтарына шекара аумағында 30 тәулікке дейін визаны рәсімдеусіз еркін жүріп-тұруына мүмкіндік жасау болмақ.  «Қорғас» ХШСО жобасы бойынша 59 инвестициялық нысан құрылысы жоспарланған, атап айтқанда орталық алаң, қолөнершілер қаласы, Конгресс-холл, 4 сауда галереясы, ашық базар, сауықтыру кешені, сауда орталығы мен 3 сауда үйі тағы басқалар. Қазір орталық ішінде Қазақстан мен Қытай азаматты еркін қатынайды. Күніне мыңдаған  тұтынушылар келіп-кетеді.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында ҚТЖ қала маңындағы пойыздарда 2177 қосымша орын ұсынады
Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Jibek Joly туристік пойызы жаңа бағыт бойынша жолға шығады
Инфрақұрылым
13.03.2026
Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылу барысы талқыланды
Жүк тасымалы
13.03.2026
Қостанайдан Нью-Йоркке дейін...
Жүк тасымалы
13.03.2026
Жаһандық желінің маңызды буыны
Инфрақұрылым
13.03.2026
Назарда тұрған нысандар
Жүк тасымалы
13.03.2026
Семейдегі жүк тасымалы мен логистиканы дамыту шаралары
Қауіпсіздік
13.03.2026
Шымкентте теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар таңдау жасайды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар қан тапсырды
Аймақтар
13.03.2026
Ғибратты ғұмыр иесі
Жаңалықтар / Мұрағат
13.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №19 13 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
12.03.2026
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды
Жаңалықтар
12.03.2026
Жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр – Тоқаев
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ төтенше ауа райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді
Әлемде
12.03.2026
Дрондар теміржол жұмысын өзгертуде
Әлемде
11.03.2026
Әлемдегі ең жүйрік CR450 пойызы 453 км/сағ жылдамдықты еңсерді
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды
Жаңалықтар
11.03.2026
Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда