Күрмеуі көп кірме жолдар

Аймақтар
10.10.2025, 09:15
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде қозғалыс қауіпсіздігі сақтала бермейтін кірме жолдар мәселесін қаузаған жиын өтті. Бөлімше бастығының логистика жөніндегі орынбасары Бекәділ Сауровтың төрағалығымен өткен басқосуға кірме жолдар қожайындары, станция басшылары, көліктік бақылау инспекциясы, көліктік прокуратура өкілдері, теміржол мекемелерінің жауапты мамандары қатысты.

Б.Сауровтың айтуынша қазіргі уақытта кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін сақтамау деректері жиілеп кеткен, соның кесірінен вагондардың жолдан шығып кетуі жиі орын алады. 2025 жылдың 8 айында кірме жолдарда вагонның жолдан шығып кетуінің 107 оқиғасы тіркеліп, 216 вагон бүлінген. Оның ішінде 31 жабық вагон, 95 жартылай вагон, 24 платформа, 23 вагон-цистерна. Ол вагондардың бүлінуінің себебі – кірме жолдардың жоғарғы қабатының талапқа сай болмауынан 145 вагон, маневрлік жұмысты бұзудан 55 вагон, жүкті тиеу-түсіру ережесін бұзғаннан 10 вагон және 6 вагон басқа да жағдайларға байланысты бүлінген.  

Бүгінде облыс бойынша 200-дей кірме жол тіркелген болса, соның 169-ы тұрақты жұмыс істеп тұр. Олардың көпшілігі жеке кәсіпкерлер иелігінде. Оның ішінде 137 негізгі меншік нысандары «ҚТЖ-ЖТ»- «Батыс» ЖШС-мен келісімшарт жасасқан. Соған сәйкес кірме жолдарды күтіп ұстау оның қожайындарының міндеті саналса да, оған бас қатырып, балтыры сыздап отырған ешкім жоқ. Кірме жолдарда вагондардың жолдан шығуы, автокөлікпен соқтығысу, маневрлік жұмыстың дұрыс жүргізілмеуі, башмақты алуға ұмытып кету, жолдың кеңіп кетуі, т.б. себептер қозғалыс қауіпсіздігіне айтарлықтай нұқсан келтіріп отыр.  

Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына кірме жолдардың сын көтермейтіндігі, шпалдардың тозғандығы, шойын жолдың тозуы, ағаш шпалдардың шіруі себеп болған, кейбірінде Р-43 рельсі (бұл талапқа мүлдем сәйкес келмейді) тұрғаны ешкімді мазаламайды. Жеке құрылымдар теміржолды жөндеу кезінде арнайы мамандарды шақырмайды. Жолдарды тұрақты қадағаламайды. Вагондар кірме жолдардан шығып, станцияға келгенде ақаулы екені анықталады: дәнекерлеген жері шығып кеткен, есіктері бүлінген, вагон доңғалағының буксы теріс айналып кеткен, вагон шанақтары соғылған, т.б. ақаулар жиі кездеседі. Осыдан-ақ белгілі болғаны, жүк жөнелтушілер кірме жолдардың сапасына, вагонның ақаулығына салдыр-салақ қарайды. Соның салдарынан жолдан шығып кету орын алады.  

– Теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған тиісті заңдылықтар бар. Оны сақтау, теміржолдарды жөндеу, күтіп ұстау маңызды. Дегенмен, көптеген кәсіпкерлер қаржының тапшылығын сылтау етіп, мәселеге жеткілікті көңіл бөлмейді. Теміржол тәулік бойына жұмыс атқаратын болғандықтан станцияға келген вагондар күні-түні кірме жолға беріледі, түнгі мезгілде жарықтандыру арқылы жүк түсіруді ұйымдастыру үшін кірме жолдардағы жарық мәселесі шешімін табуы тиіс. Сондай-ақ қауіпсіздікті сақтау үшін қыс айларында жолдарды қардан, қоқыстан тазалап, вагондарды беріп-алуға қиындық тудырмау қажет. Сіздерге айтар тағы бір мәселе, келісім-шартты уақытында ұзартылуын қадағалаңыздар. Жүк тасымалы қағидасының 256-пунктіне сәйкес, жаңа келісім-шарт жасақтау жазбаша өтініш түскен күннен 3 ай мерзім ішінде қарастырылады. Сондықтан барлық кірме жол иелері нұсқаулықтар, келісім-шарттардың қолданылу мерзіміне назар аударыңыздар, – дейді Б.Сауров.  

Күзетілмейтін, реттелмейтін өткелдерде де жол-көлік оқиғасы жиі тіркеледі. Тепловоздың автокөлікпен соғысуы қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр. Оның бәрі көлік иелерінің «Жол қозғалысы ережесін» сақтамағаннан болған. Соған сәйкес бөлімше бойынша теміржол өткелдерін күтіп-ұстаудың алдын алу шараларын және жол белгілерін орнату қажет етіледі. Өткелдердің сапасы да сын көтермейді, асфальт шұңқыр, жырық-тесік, сондықтан машиналар не айналып өткісі келеді, не шұңқырға түседі. Соған орай өткелдердің сапасын қарау тармақ жол иелеріне жүктелетіні де айтылды. Ондай жағдайда вагон құрастырушылардың рапорты негізінде тармақ иесіне кемшілікті заң шеңберінде түзеуге нұсқама берілетін болады. Вагон сапасы бойынша да дау туындап жатады. Вагондар станцияға ақаумен келеді, сол себепті екі ортада келіспеушілік болады. Сондықтан вагонды қожайындары станцияда вагон қараушымен бірге қабылдап алуы керек, сонда дау туындамайды. Вагондардың кірме жолдарда ұзақ тұрып қалмауы үшін кәсіпкерлер тиеу-түсіру жұмыстарын да алдын ала жоспарлап алғаны жөн.  

Қазір темір жолда цифрландыру жақсы дамуда. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, қандай да бір лауазымды тұлғаға тәуелділік болмау үшін барлық құжаттамалар, келісім-шарт, алыс-беріс, жүк қабылдау-тапсыру құжаттары цифрлы түрде жүзеге асырылуы тиіс. Бүгінде бөлімшеде тасымал құжаттарын рәсімдеудің ашық түрде болуын қамтамасыз ету үшін жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылардың құжаттамасы АСУ ДКР жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Өңірде 17 станция осы жүйеге қосылған. Оның үстіне осы бағытта бірте-бірте электронды жұмыс түріне көшуге басымдық беріліп келеді.  

Жиын соңында барлық кірме жол иелеріне қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, кірме жолдарда маневрлік жұмыстардың технологиясын сақтауға, вагондарды өз бетімен жүргізбеуді, жүк тиеу-түсіру жұмыстарын да нұсқамадағы талаптарға сай орындау ұсынылды. Сондай-ақ қысқа дайындықты осы кезден бастауды, жолдарды тазалап, қар тазалау техникаларын майлап-сайлап қою да тапсырылды.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты