Өзің үшін, ҚТЖ үшін және ел үшін...

Жаңалықтар
24.07.2020, 11:51
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елдегі карантиндік жағдайға қарамастан «ҚТЖ» ҰК» АҚ теориялық білім беруді тоқтатқан жоқ. Осы аптада былтыр компанияның «100 жас есімі» атанған жас теміржолшыларға арналған дамыту бағдарламасының екінші модульдік оқытуы жалғасын тапты. Онлайн түрде өтетін шараға бір мезгілде жүз жас маман түгелдей қатысып, модульдік оқытудың «Әлеует» деген бағыты бойынша білім алуда. 

Екінші модульдің қонақтары қатарында тәуелсіз директор, «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Керстин Боккер бар.

Ол «Жұмысшыларды, соның ішінде жастарды дамытудың ең үздік практикасы» тақырыбында дәріс берді. Осы модульге сырттан, басқа салалардан шақыртылған қонақтың бірі – Қазақстанның волейболдан жастар құрамасының капитаны, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпазы Серік Есматов.

Ол «Мотивация» тақырыбында өз білгенімен бөлісті. Бокстан әлем чемпионы Серік Сапиев қатысып, сөз сөйледі. Вебинар мен тиімді коммуникациялар туралы тренерлер – Владимир Шиков, Алмаз Амалбеков дәріс берді.

Бес күндік шараның келесі күндерінде «Сторителлинг – коммуникация құралы», «Белбин моделі бойынша табысты командалардың құпиялары» және кикілжіңдерді басқару тақырыбында Дәурен Беспалинов, Наталья Масловская, Бақыт Жұмақаева, Андрей Басангов дәріс беріп, «Онлайн команда құру» бизнес ойыны ұйымдастырылды.

Модульдің соңғы күні, яғни 24 шілдеде кезекті оқыту шарасын қорытындылау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Керстин Боккер және жас мамандар арасынан Комплаенс қызметінің менеджері Бекет Ақпан ағылшын тілінде сөз сөйледі.

Олардың сөзі синхронды аударма арқылы өзге қатысушыларға жеткізілді. Жалпы модульдік оқыту ЗУМ платформасында ұйымдастырылды. Ал екінші модульде challenges қандай болды? Бұл ретте тапсырмалар – Өзің үшін, ҚТЖ үшін және Ел үшін деп бөлінген.

Соның ішінде Өзің үшін бойынша қатысушы жастар ұйымдастырушылар ұсынған 5 электронды кітаптың біреуін таңдап, соны оқып шығуы керек. Үшінші модуль басталғанға дейін әр жас маман өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында «Кітап мені қалай өзгертті?» деген сұраққа жауап болатындай бейнежазба жүктеп, ҚТЖ100ЖЕ хештегін белгілеуі қажет. Бейнежазба үшін оларға 5 баллдан беріледі. Ал ҚТЖ үшін деген тапсырма бойынша олар онлайн инфосессия өткізу керек. Бұл сессияны өткізу үшін оларға таңдауға екі тақырып беріледі: «ZOOM-мен жұмыс істеуді игеру», «Үй жағдайында дене тәрбиесінің күтімін жасау» және «Тыныс алу жаттығулары. Теория және Тәжірибе».

Инфосессияға кем дегенде 20 адамнан қатысу керек. Бұл еңбек үшін 5 балл берілсе, тағы қосымша қатысқан 10 қатысушының әрбіріне 1 баллдан қосылады. Қатысушыларды тіркеу үшін инфосессияға ұйымдастырушылар да қатысады. Ал Ел үшін тапсырмасында олар медиаволонтерлық машықтарын дамыту керек. Әрбір дайындалған бейне өнім үшін оларға 5 баллдан қосылады. Жұмыстар ҚТЖ жастарының инстаграмм парақшасында жарияланатын болады.

– Мен үшін бұл өте пайдалы модуль болды. Үйренгенім өте көп. Жалпы жобаға іліккеніме қатты қуанамын. Өйткені мұндай білімді мен басқа еш жерден ала алмас едім. Енді тренерлер үйреткен машықтарды, осында көрген-білгенімізді тәжірибемен ұштастырып, модульдік оқытудың тиімділігін дәлелдеуіміз керек. Жас көшбасшыларын дамытуға осындай деңгейде көңіл бөліп отырған ұлттық компанияға мың алғыс, – дейді «100 жас есім» иегері, Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Еркебұлан Аяғанов.

Тоқсан сайын өткізілетін 4 модульдік оқытудың алғашқысы маусым айында өткені есімізде. Ол кезде модуль атауы «Кәсібилік» деп аталып, мамандар іскерлік жазбалар жүргізу мен тайм менеджмент туралы оқыған еді. Ал осы тоқсандағы екінші модуль тақырыбы «Әлеует» деп аталып, бұл кезеңде олар ынталандыру, коммуникация және таныстырылым машықтары мен командада жұмыс істеу туралы үйренді.

Сонымен қатар енді қыркүйек айында өтетін келесі үшінші модуль «Көшбасшылық» деген тақырыппен өткізіліп, ол тұста өзгерістерді және жобаларды басқару туралы айтылатын болады. Соңғы модуль қараша айында өткізілмек, ақырғы кезеңде жастар іскерлік мінез-құлық этикасы, мүдделер қайшылығы, қаржылық сауаттылық бағытында сабақ алмақ. 

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды