Қозғалыс қауіпсіздігі - баршаға ортақ

Жаңалықтар
28.08.2020, 09:27

Елімізде COVID-19-ға байланысты қалыптасқан жағдайға қарамастан, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойылған міндеттерді абыроймен атқаруда.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысына келсек, өткен жылға қарағанда биыл тасымалдау процесі барысында қауіпсіздіктің бұзылуы 16% төмендеген.

Әсіресе, ұйымдастырушылықтехникалық іс-шаралардың жүзеге асырылуына айрықша мән беріліп, соның арқасында ревизорлық аппараттың қозғалыс қауіпсіздігі мен олардың алғышарттарының ықтимал бұзылуын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстары оң нәтиже беруде.

«Компанияда «Қозғалыс қауіпсіздігінің мәдениеті» деңгейін арттыруға бағытталған шаралар оң ықпал етіп, ревизорлық аппарат тарапынан анықталған сәйкессіздіктер саны 10% төмендеген. Тәуекелге бағдарланған тәсілдеме бойынша да жұмыстар жалғасуда, онда реактивті реакциядан проактивті реакцияға көшу, яғни, ертерек елеулі бұзушылықтар мен олардың алғышарттарының алдын алу міндеті басымдыққа ие болып отыр», – дейді Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да қозғалыс қауіпсіздігімен байланысты процестерді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл өз кезегінде, басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында оны қолдау үшін ақпараттарды жинау және өңдеуге кететін уақытты қысқартады, сондай-ақ, ағымдық жағдайды желілік кәсіпорын деңгейіне дейін егжей-тегжейлі бөлшектеп талдауды шұғыл жүргізеді. Сонымен қатар пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне ықпал ететін ішкі процестердің тәуекелдерін анықтауға да көңіл бөлініп отыр. Бұл бағыттағы жұмыс М.Тынышпаев атындағы Қаз ККА мамандарымен бірлесіп жүргізілуде. Railways.kz интернет-порталында «Бірінші кезекте пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі» блогы жұмысын жалғастыруда. Мұнда кез келген адам пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі, нормативтітехникалық құжаттама мәселелері бойынша ұсыныстарын қалдыра алады, сондай-ақ, қауіпсіздіктің бұзылуына қатысты хабарлама қалдыра алады. Бұл ақпарат лезде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің диспетчерлік қызметіне тәулік бойы түсіп отырады. Жалпы, қозғалыс қауіпсіздігі – баршаға ортақ мәселе», – дейді бас ревизор. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады