Теміржолға жақын жерде мал жаю ережелері

Жаңалықтар
07.09.2020, 10:39

Теміржол бойында бөгде заттың жатуы, бөтен адамдардың белгіленбеген жерден өтуі, соған қоса жолға мал шығып кету оқиғалары – қозғалысқа қауіп келтіретін басты факторлар. Астана ірілендірілген жол дистанциясының қызметкерлері болат жолға жақын елді мекендер тұрғындарының жайылымға жіберген малдарының жолға шығып кетуі, соның салдарынан оқыс тежеу беруді болдырмау үшін ұдайы күрес жүргізіп келеді. 

Дистанцияның еңбек қорғау инженерлері мал иелеріне «Теміржолға жақын жерде мал жаю ережелерін» үнемі түсіндірумен әлек. Негізі ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 559-бабына сәйкес малды рельстен 300 метр алыс қашықтықта тек байлап бағып, жаюға, ал тұрақты қадағалай отырып 2000 метр қашықтықта бағуға рұқсат етіледі. 

Темір жол көлігінде қозғалысты қамтамасыз ететін ережелердің бұзылуы қандай жауапкершілік арқалатады? Көлік арбамен жолдан өту ережесін бұзу және темір жол бойынан мал айдап өту, темір жол аумағына жататын жерде мал жаю ескерту беру немесе азаматтарға 5 АЕК-ге дейінгі, лауазымды тұлғаларға 10 АЕК-ге дейінгі көлемде айыппұл салуға әкеледі.

– Темір жол бойында апаттың болуына жол бермес үшін халықтан өтініп сұрайтынымыз – әркім өз малына ие болса. Осы мақсатта тұрғындарға тиісті ережелерді түсіндіріп жүрміз.

Сонымен қатар бұл мәселеде мал иелеріне қатысты қолданылатын шараларды күшейтуді ойластыру керек. Себебі сондай жауапсыздықтың кесірінен пойыздардың оқыс тежеу беру фактілері көбейеді, – дейді дистанцияның өндірістік техникалық бөлімінің жетекші инженері Айгүл Төрежанова. 

Дистанция бойынша жыл басынан бері станцияларда 24 рет жиналыс өткізіліп, оларға 835 адам қатысқан. Ал мал иелеріне ережені түсіндіру бойынша 1145 рет олармен әңгіме жүргізілген. 1120 адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 559-бабының 1-5 тарауына қатысты мәліметтер таратылған. Осы аралықта дистанцияға жататын телімдерде 11 рет оқыс тежеу беріліп, бірақ мал басылған. Ал 8 рет оқыс тежеу бергенде мал басуға жол берілмей, олар жолдан өтіп үлгерген. Жолда бөгде адамдардың жүруіне қатысты мектептерде 12 жиын өткізілсе, желілік тәртіп сақшыларымен бірге жол бойына 6 рет рейд жүргізілген. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады