Бөлімше чемпионы атанды

Жаңалықтар
10.01.2017, 12:20
Жаңа жыл қарсаңында Семей жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша спорттың бес түрінен өткен біріншілік қорытындыланды. Теміржолшылар бойынша әр мекемеден іріктелген 10 команда қатысқан кезекті чемпионат қараша айының алғашқы жұлдызында басталған болатын. Араға екі ай салып, жүлдегер теміржолшылар командалары анықталды. Біріншіліктің шымылдығын түсірер соңғы сайыс шағынфутболдан өтті. Қатысушы  командалардың осыған дейінгі жинаған ұпайлары арқылы ғана чемпиондар анықталатындықтан ақтық сайыста теміржолшылар барын салды. Нәтижесінде футбол бойынша ШЧ-39 командасы бірінші орынды еншіледі. Ал кейінгі орындарды ПЧ-39 мекемесі мен жүк тасымалдау бөлімшесінің ойыншылары еншіледі. Қорытынды сайыс осылайша бөлімше чемпиондарын анықтауда үлкен өзгерістер әкелді. Себебі, осыған дейін бас жүлдені бермей келген Семей станциясы мен Жаңасемей станцияларының ойыншылары бұл жолы байырғы мәртебелерін сақтай алмады. Сөйтіп, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған чемпионаттың бас жүлдесін ең жоғары 125 ұпаймен Семей байланыс және белгі беру дистанциясының теміржолшылары еншіледі. Ал екінші орынға 106 ұпаймен Семей жол дистанциясының спортшылары тұрақтаса, жүлделі үшінші орынды осыған дейін спорттағы тынысы ашылмай жүрген «Транстелеком» филиалы ойыншылары 85 ұпаймен қанжығаға байлады. Барлық жеңімпаз командалар мен жекелеген ойыншыларға бөлімше басшысының алғыс хаты мен сыйлықтар табысталды.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей   

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл