Кілең ер азаматтардан тұратын ұжымды әйел адам басқарады

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана локомотив пайдалану депосында локомотив бригадалары резервінің бастығы Мәрия Бимұханова – кілең ер адамдар қызмет ететін ұжымды басқарып отырған әйел. Мұндай қызметті атқару үшін кәсіби біліктілікпен қоса қайсар мінез бен ерік-жігер керек дер едік.

Локомотив саласында 14 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Мәрия Бимұханова басқаратын бөлімнің негізгі міндетіне – локомотив бригадаларын уақытылы жұмысқа шақыру, олардың әрқайсысының сағаттары бойынша жұмысқа шығу уақытын кестеге салып реттеп, рейстен келгендері мен кеткендерін қадағалап отыру, сонымен қатар бригадалардың демалысы мен еңбек тәртібінің сақталуын бақылау, т.т. кіреді. Бүгінде депода барлығы 665 машинист пен көмекші машинистер еңбек етсе, соның бес жүзге жуығы елорда депосында, қалғаны Атбасардағы айналым депосына тиесілі.

– Тоғыз жолдың торабында орналасқан станциядан жан- жаққа кететін жүк және жолаушылар пойыздарының локомотивтерін тізгіндеуші машинистердің бәрі – ер адамдар екенін білесіздер. Әйелдер тек біздің бөлімде жасақшылар арасында ғана бар. Бөлімде 4 кезекші, 4 жасақшы, 4 оператор жұмыс істейді. Әсіресе, жүк локомотивтерінің бригадаларын жұмысқа шақыруда бәрін қадағалауда ұстаймыз. Шақыртамыз, жұмыс киімін, медициналық тексерілуін, өзімен бірге құжаттарының болуын тексеріп, тіркейміз. Жасақшылар бригадаларды жұмысқа шақырмай қалса, локомотив те жүрмейді деген сөз, сондықтан машинистер мен көмекшілері үнемі телефондары қосулы, бізбен байланыста отыруы керек. Арнайы бағдарлама бойынша демалған уақыттарына қарай кезегі келіп тұрған кез келген бригаданы жұмысқа шақырамыз, – дейді кейіпкеріміз.

Әу баста есепші мамандығын алып, біраз сол салада еңбек еткен Мәрия бертін келе екінші мамандық алып, теміржол саласына ауысыпты.

– Үйде бес қыз, бір ұлмыз. Әкем ер мінезді қылып өсірді, сондықтан ер азаматтардан тұратын ұжыммен жұмыс істеуде мен үшін еш қиындық болған жоқ. Әрі бала кезімнен техникаға құмар болып өстім, көлікті жақсы көретінмін. Сондықтан осында ғана өз орнымды тапқандай сезімде болдым, – дейді ол.

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл