Батыс теміржолында талай шәкірт баулыған ұстаз 80 жасқа толды

ҚТЖ келбеті
22.04.2022, 11:24

Осыдан елу жылға жуық уақыт бұрын Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясына электромонтер болып жұмысқа келген маған Болатбек Молдасалиев сияқты кәсіби теміржолшының қол астында еңбек етіп, тәлімін алу бақыты бұйырыпты.

Ол сол жылдары белгі беру және байланыс дистанциясы басшылығына келген алғашқы қазақ жігіттерінің бірі еді. 1972 жылы Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы болып тағайындалған Болатбек Әсімұлының беделі сол кездің өзінде жоғары болатын. Бізге, осы мамандықты таңдап өндіріске келген өрімдей қазақ жігіттеріне СОБ және байланыс, белгі беру құрылғыларының жұмысын ерінбей-жалықпай үйретіп, кәсіпке баулыған ұстазымыз басқа емес, дистанция бастығы Молдасалиевтің өзі болды.

Болатбек Әсімұлы еңбек жолын 1960 жылы Қазақ темір жолының Алматы вагон депосында отжағардың көмекшісі (помощник кочегара) болып бастаған екен. Бір жылдан соң жолдамамен Мәскеу темір жол көлігі инженерлері институтына түсіп, оны 1967 жылы бітіріп шығады. Сол жылдары жаңадан құрылып жатқан, маман тапшы Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясына жіберіледі. Бірнеше жылдан кейін Құлсары дистанциясына ауысады. Осы жылдар ішінде білімімен, алғырлығымен, жаңа бастамаларымен танылған Молдасалиевті 1977 жылы жаңадан құрылған Батыс Қазақстан темір жолына белгі беру және байланыс басқармасының бас инженері қызметіне тағайындайды. Ал тоқсаныншы жылдары Орал бөлімшесінің бас инженері болып барып, кейін Батыс Қазақстан темір жолы белгі беру және байланыс басқармасының бастығы болып Ақтөбеге қайта оралған тәжірибелі маман – сол жылдары Ақтөбе-Түркістан аралығында екі жолды автоблокировка қондырғыларын орнату, Бейнеу-Маңғыстау аралығында жаңа станциялар мен разъездерді электрорталықтандыру қондырғыларымен жабдықтау, Батыс Қазақстан темір жолын ПОНАБ приборларымен жабдықтау, Ақтөбе-Түркістан аралығын кабельдеу сияқты бірегей жобаларды жүзеге асыруға өз қолтаңбасын қалдырған жан. Ерен еңбегі елеусіз қалмады, КСРО жол қатынастары министрлігінің «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.

Өзінің жарты ғасырлық енбек жолында ол талайға ұстаз болды. Біз білетіндер қатарында, мысалы, Ресейдің Приволжье темір жолының бастығына дейін көтерілген В.Храпатый, белгі беру және байланыс басқармасының бастығы болған В.Иванов, Батыс Қазақстан темір жолының басқарма бастығы С.Екибаев сынды мықтылар бар. Солардын қатарында мен де Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясында СОБ электромонтерінен дистанцияның бас инженеріне дейінгі еңбек жолынан өттім.

Бүгін тамыры тереңге жайылған алып бәйтерекке айналған абзал аға, аяулы ұстазымыз Болатбек Әсімұлын барлық шәкірттері атынан 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, ең ізгі тілектерімізді жолдағымыз келеді.

Марат ИСАҒАЛИЕВ,

Құрметті теміржолшы

Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды