Жаңа-Семей жол дистанциясында түрлі ұлт өкілдері ұйыса еңбек етіп келеді

ҚТЖ келбеті
01.05.2022, 10:50
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы Жаңа-Семей жол дистанциясында ондаған ұлттың өкілдері тізе қоса еңбек етуде. Солардың ішінде татар ұлтының өкілдері бір төбе. Олар тек сала қызметінде ғана емес, Семей ЖТ бөлімшесінің қоғамдық өмірінде де аса белсенді.

Басым көпшілігі қалалық Достық үйіндегі татар этно-мәдени ұйымының белсенді мүшелері саналады. Сондай-ақ, тілдер орталығындағы кешкі мектептерде тіл үйреніп жүргендері де бар. Семейлік теміржолшылар арасында Зульфия Мәжитқызын білмейтін жан жоқ. Жаңа-Семей жол дистанциясында кәсіп- одақ төрайымы болып еңбек ететін татар қызын бөлімшеде өтетін барлық шарадан көруге болады. Өзі спортшы, ән мен биді де нақышына келтіре орындайды. Әрі ұйымдастырушылық қабілеті жоғары болғандықтан басшылық қоғамдық салада жауапты жұмыстарды Зульфияға сеніп тапсырады. Сондай шаралар арасында оған ерекше ұнайтыны – Наурыз мерекесі мен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Айта кету керек, әріптестері Зульфияның татар қызы екенін осындай мерекелерде ғана еске түсіреді. Себебі, таза қазақша сөйлейтін келіншектің жергілікті қаракөздерден түк те айырмашылығы жоқ.

– Татарлар Семейдегі жергілікті халық санатына жатады. Бабаларымыздың бұл өлкеге қоныстанғанына ғасырдан аса уақыт өтті. Сондықтан менің Отаным – Қазақстан, оған ешкімнің таласы болмаса керек. Айта кетер тағы бір жайт, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары өзге этнос өкілдері тарихи отандарына жаппай қоныс аударған шақта, «көппен көрген ұлы той» деп туған мекеннен табан аудармаған бірден-бір ұлт – татарлар. Бұл – мен үшін мақтаныш, – дейді Зульфия.

Теміржолшы татар қызы сондай-ақ, дәл осы Семей қаласына Татарстан рес- публикасының бұрынғы президенті Минтимер Шаймиевтің арнайы сапармен келіп, жергілікті татар диаспорасымен кездесу өткізгенін де еске алды. Татар елінің қазіргі басшысы Рустам Минниханов та қала үшін арнайы тал көшеттерін жіберіп, 1 мамырда оны Бейбітшілік алаңына барша ұлт өкілдері бірлесіп отырғыз- ғандарын мақтанышпен жеткізді. 

Екі перзент тәрбиелеп отырған Зульфияның жанұясы тек таза қазақ тілінде сөйлеседі, татар тілін сирек қолданса, орысша тек қызмет барысында тілдесуге тура келетін көрінеді.

– Тілге ерекше мән береміз. Балаларға оң тәрбие болуы үшін жұбайым екеу- міз тек қазақша сөйлесеміз. «Қазақстан – сенің Отаның, сондықтан ең алдымен қазақша сөйле, сосын басқа тілді меңгер» дейміз. Қызым орыс, қазақ тілдерімен қоса ағылшын тілін меңгеруде. Болашақта қытай тілін үйренуді де жоспарлайды, – дейді Зульфия.

Ұлты өзге болса да ділі қазақ, жүрегі қазақ татар қызы – Жаңа-Семей жол дистанциясының мақтанышы.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті