Үздік еңбек әулеті атанған теміржолшы Бурлиновтар жайлы бір үзік сыр

ҚТЖ келбеті
26.08.2022, 09:41
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ата Заң мерекесі қарсаңында елордада «Еңбек жолы» байқауының қалалық кезеңі мәреге жетіп, жеңімпаздар марапатталды. Биыл конкурсқа қатысуға 31 өтінім қабылданған. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік еңбек әулеті» номинациясында бірінші орынды – Бурлиновтер әулеті иеленді.

 Қала әкімдігінде өткен қорытынды жиында байқау марапатын Бурлиновтер әулетінің үшінші буыны Жанболат Бурлинов алды. Ол қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының Телекоммуникация және байланысты дамыту департаментінің менеджері болып жұмыс істейді.  

– Тоғыз жолдың торабы Ағадырда туған мен үшін темір жол саласы таңсық емес еді, атам мен әжем темір жолда көп жылдар тер төккен. Ес білгелі туып өскен үйім мен теміржол вокзалына апаратын жол арқылы атам мен әжемнің артынан ергенім, олардан естіген әнгімелерім, вагондардың дауысы осы саланы таңдауыма себеп болды. Еңбек жолымды 2008 жылы бастадым. Бұл саладағы жұмысым – заманауи телекоммуникациялық жүйелерді енгізу, жаңа сандық технологияларды қолдана отырып, байланыс желілерін басқару және жұмыстарын жүргізу, – дейді Жанболат.

Әулеттің теміржолдағы көшін бастаған үлкен атасы Кенжеш Бурлинов Қарағанды облысы Киік станциясында вагон бақылау пунктінде 30 жыл жұмыс істеген. Одан туған 9 баланың алтауы теміржолшы болыпты. Солардың бірі – Жанболаттың өз атасы Балта Бурлинов Ағадыр станциясында ТЧ мекемесінде электр қозғалтқышты жөндеу слесарі болып 36 жыл еңбек еткен. Әжесі Мәскен 31 жыл жүк қабылдап-тапсырушы болған. Қажырлы еңбегі еленіп, «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ал Жанболаттың әкесі Төлеген өмір бойы машинист көмекшісі болған. Әкесінің әпкесі мен інісі де бірі депода, бірі әскерилендірілген күзетте жұмыс істеген. Мейрамбек ағасының баласы Нұрсұлтан Бурлинов – Ағадыр станциясының ЭЧ мекемесінің бастығы, ол бүгінде «ҚТЖ-100 жас есім» жобасының қатысушысы.  

Бурлиновтер әулетінің теміржолдағы жалпы жұмыс өтілі ресми түрде 117 деп есептелгенмен, бұл – тек баба, ата, бала,   немере, әулеттегі төрт адамның жиынтық стажы. Ал әулеттің барлық мүшесін, яғни басқа да бауырларын қоса есептегенде олардың еңбек өтілі 150 жылдан асады. Арғы аталары салған жолды жалғап келе жатқан үлкен әулет бүгінде тармақталып, бірнеше буынға жалғасқан.  

Биыл мамыр айында басталған байқау еңбек әулеттерін ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды танымал етуге және атадан балаға жалғасқан кәсібилік дәстүрді нығайтуға бағытталған. Қалалық кезеңнің жеңімпаздары енді «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңіне қатысып, елорданы таныстырады.  

 

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл