Сегіз қырлы, бір сырлы азамат

ҚТЖ келбеті
28.02.2023, 10:54
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолында кәсіподақ ұйымын басқарып отырған Әзірбай Тұрмағанбетовті нағыз сегіз қырлы, бір сырлы жан десек жарасады. Кезінде ұстаздық етті, аудармашы, газетте тілші болды, ақындар айтысына қатысып жүлде де алды, ғылыми орталықты, мәдениет үйін, театрды басқарды. Кәсіподақ жұмысына осындай еңбек сатысында мол тәжірибе жинақтап келді.

Наурыздың басында алпысыншы көктемін қарсы алып жатқан Әзекең осы жасқа ел ағасы деуге лайық беделімен жетіп отыр. Маңғыстаудың Шебір атты шағын ауылында туып-өсіп, еліне елеулі, халқына қалаулы азаматқа айналған жанның тек теміржол ғана емес, жалпы түбектің мәдениет саласына сіңірген еңбегі ерен.  

– Мектеп бітірген соң Орал педагогикалық институтында оқыдым. 1981-83 жылдары Мәскеу қаласында Отан алдындағы борышымды өтеп, еңбек жолымды өзім оқыған мектептегі ұстаздықтан бастадым. Маңғыстау аудандық, облыстық мәдениет саласында, облыстық телерадиода, аймақтық «Болат арна», республикалық «Қазақстан теміржолшысы» газеттерінде тілші болдым. Негізінен мәдениет саласында жүрген мен үшін теміржолға келу қызық болды. Ол уақытта ардагер теміржолшы Қожахмет Уәзір Маңғыстау жол дистанциясын басқаратын. Сырттай көріп-біліп жүрген екен, теміржолға аудармашы қызметіне шақырды. Бұл 2000 жыл болатын. Бірнеше жылдан соң кәсіподақ ұйымының төрағалығына сайландым да теміржолға біржола байландым, бүгінде өзімді басқа салада елестете алмаймын, – дейді кейіпкеріміз.  

Дистанция кәсіподағының жұмысын ұршықша үйіріп, жолшылардың жоғын жоқтап, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүгіріп жүрген сауатты да елгезек төрағаны 2007 жылы өз алдына шаңырақ көтерген Маңғыстау теміржол бөлімшесінің кәсіподақ комитетін басқаруға шақырып, бірауыздан сайланады. Міне, содан бері түбек теміржолшыларының мүддесін қорғап, әлеуметтік игілігі жолында тер төгіп келеді. Бөлімшедегі бірде бір басқосу, мәдени іс-шаралар Әзекеңнің қатысуынсыз өтпейді. Жас кезінен топқа түсіп, айтысқа қатысып жүрген жанға кез келген басқосуды басқару мен ұйымдастыру қиынға соқпайды. Кәсіподақ жұмысында жүріп теміржол тарихына қатысты құнды деректерді жинастырып, «Теңіз бен түзді тоғыстырған теміржол» атты кітаптың жарыққа шығуына бастамашы болды.  

– Отбасында ағам Қыдырбай Тұрмағанбетұлы екеуіміз өнерге біртабан жақын өстік. Ол өмірден небәрі 38 жасында өтіп кетті. Өлеңдері, прозалық, сатиралық жанрдағы шығармалары баспасөзде жиі жарияланып тұратын. «Тоғысқан тағдырлар» деген повесть жазған. «Қалжыңдасуға қалайсыз?» атты сатиралық кітабы жарық көрген. Өзі өмірден өткесін қалған еңбектерін бір кітапқа жинақтап, жарыққа шығардым. Соған еліктеп мен де мектеп қабырғасынан аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға жазып тұратынмын. Күні бүгінге дейін қолымнан қалам түскен емес, кітап оқымасам, жазбасам бірдеңе жетіспейтіндей болып тұрады, – дейді Әзірбай аға.  

Орталық теміржолшылар кәсіби одағының өңірдегі өкілінің ерен еңбегі «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Кәсіподақтағы белсенді қызметі үшін», тағы басқа төсбелгілермен аталып өткен.  

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды