«100 жас есім» жобасының қатысушысы жетістікке жетудің сырын айтты

ҚТЖ келбеті
28.07.2023, 10:06

Шымкенттік жас теміржолшы Сағидулла Мәденовтің өмірдегі ұстанымы: «Егер сіз өзіңіз сүйген кәсіппен айналыссаңыз, онда сіз оны жақсартудың жолдарын үнемі таба аласыз». Рас қой, жаныңызға жақын жұмыс рахат пен ләззат сыйлап, оны жетілдіре түсуді неге қолға алмасқа?!

Ұлттық компанияның жастар саясаты аясында қолға алған «100 жас есім» жобасының қатысушысы Сағидулла Ордабекұлының болашақтағы жоспары – өз саласының білікті маманы болу. «Қазіргі заманда әрдайым бәсекеге дайын болу қажет. Жаңа Қазақстан болашағы білікті мамандардың қолында, жақсы маман кез келген салада ауадай қажет екенін ескеріп, сұранысқа ие маман болуға ұмтылу бүгінгі менің замандастарымның басты мақсаты десем артық айтпаспын. Бәсекеге қабілетті маман дегеніміз алдына қойған мақсаттары мен арманың жүзеге асырып, әрдайым өз дәрежесін және білімін өсіріп отыратын маман деп түсінемін. Адам неғұрлым табанды және өнімді еңбек ететін болса, өмірі табысты және жетістіктерге мол болады деп ойлаймын. Кәсіби даму – мейлі сен отызда, қырықта бол, ешқашан кеш емес. Мен де «100 Жас есім» жобасы аясында көптеген бағдарламаларға қатысып, жан жақты дамығым келді. Жобаның тұлға ретінде және кәсіби даму жағынан әсері өте күшті болды. Жобаға қатысқан жастар бүгінгі күні де жан жақты араласып, ақылдасып, кейбір мәселелерді ортақ талқыға салып отырамыз», дейді Сағидулла.  

«100 жас есім» жобасының негізгі мақсаты – компанияның жастар саясаты аясында болашағынан үміт күттіретін дарынды қызметкерлерін кәсіби жағынан және белсенді идеяларын дамытуға бағытталған. Әрбір жоба қатысушысынан жастардың табыс тарихы бойынша компанияның имиджін қалыптастыру, болашақ көшбасшылар пулін ілгерілету үшін өзгерістер агенттерін анықтау, болашақ кадрлық резервті қалыптастыру, компанияның стратегиясын, саясатын, құндылықтарын, нормаларын және мәдениетін қалыптастыру нәтижелері күтіледі. Сондай талаптарға сай болу екінің біріне бұйырмайтын бақ.  

Сағидулла Ордабекұлы 2009-2013 жылдары М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің механика факультетін «машина жасау» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 2014 жылы Сарыағаш станциясында тепловоз машинисінің көмекшісі болып бастапты. Өзін өзі дамытып, оқып ізденудің арқасында содан бері көп өсті. Бүгінгі таңда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент бөлімшесі филиалының Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жетекші инженері болып еңбек етеді. 2014-2016 жылдар аралығында М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Көлік, локомотивтер» мамандығы бойынша оқып екінші жоғары білім алды. Жары Алмамен бірге Әмина, Сафия, Мариям есімді үш қызғалдақты өсіріп отырған қамқор әке балаларының болашағын осы бастан ойлайтынын айтады.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті