Жолшылар әулетінің үшінші буыны

ҚТЖ келбеті
04.08.2023, 10:20
Суретті түсірген автор

Шымкент темір жолының Темір станциясында қырық жылдан бері темір жолдың «отымен кіріп, күлімен шығып» келе жатқан темірдей төзімді теміржолшы тұрады. Ол – Арыс жол дистанциясының 2-ші телім бастығы Рамат Бердібек Жұпарбекұлы.

Осы Темір станциясында 1965 жылы теміржолшының отбасында дүниеге келген кейіпкеріміздің болашақ кәсібі тумай жатып маңдайына жазылған секілді көрінеді. Өйткені теміржолшының баласы теміржолшы болуы – жазылмаған заңдылық сияқты. Теміржол институтын «инженер-жолшы» мамандығына оқып жоғары білім алған соң еңбек жолын қатардағы жолшы болып бастап сатылай көтерілген. 1993 жылы әкесі Жұпарбек зейнетке шығып, орнына жол шебері болып тағайындалды. Сосын аға жол шебері болды. Түркістан жол дистанциясы бастығының орынбасары болып 9 жыл жұмыс істеді. 2011 жылы Түркістан жол дистанциясы мен Арыс жол дистанциясы қосылып ірілендірілген соң қайта құрылған Арыс жол дистанциясына «аға жол шебері» болып тағайындалды. Бүгінде Арыс пен Түркістанның ортасындағы Темір станциясында Арыс жол дистанциясының 2-ші телім бастығы қызметін абыроймен атқарып келеді.  

Бердібек Жұпарбекұлынан «аға теміржолшы кім?» деп сұрадық. 

«Теміржолшы – мойнына орасан зор жауапкершілік алған әмбебеп маман. Сырт көзге жолшы да, машинист те, вагон қараушы, диспетчер – бәрі теміржолшы, сондықтан жалпылама ол әмбебеп кәсіп иесі. Бірақ олардың бәрі қосылып бір миссияны атқарады, ол – жүк және жолаушы тасымалдау жұмысы. Бізді кәсібіміздің шыңына шығып мақтау да, даттау да осы жұмысымыздың нәтижесіне байланысты», – деп сыр шертті «Адал еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, темірлік теміржолшы.  

Рамат Бердібек – теміржолшылар әулетінің үшінші буыны, атасы Рамат та өмір бойы жолшы болған, әкесі Жұпарбек те 1958 жылдан бастап жол жөндеуші, бригадир, жол шебері, аға жол шебері болған, «Құрметті теміржолшы» атанған, екеуі де ауыл-елге абыройлы азаматтар болыпты. Ал өз жолын үлкен ұлы Сырым жалғастырып, Арыс белгі беру және байланыс дистанциясында механик болып еңбек етуде.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда