Қауіпсіздікті сақтауға үлес қосқан теміржолшылар марапатталды

ҚТЖ келбеті
07.05.2024, 09:56
Суретті түсірген Нұрбол ЕСІМБЕК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас инженері Рамазан Садырқұлов Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай аса қауіпті саналатын салада адал еңбек етіп, қауіпсіздіктің сақталуына өз үлесін қосып жүрген азаматтарды марапаттады.

Еңбек қорғау күнін қорытындылаған жиында «Қазкөліккәсіп» ҚБ ұйымдастырушылық, кадрлық, ақпараттық және халықаралық жұмыстар жөніндегі бас менеджері Амангелді Төреғожин қатысып, сөз сөйледі. Бас инженердің қолынан бірінші болып «Кәсібі бойынша үздік» атағын алған Жамбыл вагон пайдалану депосының вагон қараушы-жөндеушісі Нұржан Жанкиев болды. Ол «Қауіпсіз емес жұмысты тоқтату құқығын пайдаланғаны үшін» марапатталып отыр. «Ерлігі үшін» төсбелгісіне «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» өңірлік филиалы жолаушылар вагондарының жолсерігі Ғалия Қабдрахманова «дәрігер келгенге дейін дер кезінде көрсетілген көмегі үшін» ие болды. Ол биыл қаңтар айында пойызда жүкті жолаушы әйелді босандырып алған болатын. Ал «Адал еңбегі үшін» белгісімен Еңбек қауіпсіздігі және экология инспекциясы өндірістік қауіпсіздік бойынша менеджер Ілияс Бейсенов марапатталса, «Үздік маман» белгісін әскерилендірілген күзет қызметінің өндірістік қауіпсіздікті ұйымдастыру жөніндегі бас менеджері Серік Мырзашев иеленді.  

Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасы Жаңа Семей станциясының және Шелек электрмен жабдықтау дистанциясының еңбек қорғау және қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженер-технологтары Айжан Ботаханова мен Алмагүл Байғалиеваға берілді. Компания басшысының Алғыс хаты Сексеуіл локомотив пайдалану депосының өндірістік қауіпсіздік және экология жөніндегі сектор бастығы Байғабыл Кенжеғараев пен Жіңішке станциясының және Аягөз жол дистанциясының еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі инженерлері Айнұр Әбілберікова мен Дүйсен Сатылғановқа табысталды.  

Компанияда соңғы 4 жылда «Өндірістік қауіпсіздіктің біріктірілген жүйесі» бірегей қосымшасы жұмыс істеп келеді. Оны компанияның 105 мыңнан астам қызметкері пайдаланады. Осы қосымша арқылы анықталған 9 үздік қызметкер Басқарма төрағасының Алғыс хаты мен 6 АЕК көлеміндегі сыйақыға ие болды. Олар «Қауіпсіздіктің мінез-құлық диалогы» жүйесі бойынша үздік нәтиже көрсеткен. Одан әрі «Адал еңбегі үшін» төсбелгісіне қоса 40 АЕК сыйақымен ҚТЖ Жол диагностикалау орталығы Алматы филиалының ақаутабу цехының шебері Қуаныш Станбеков марапатталды.  

Ал атаулы күннің ең басты сыйы – құны 4 млн теңге тұратын шетелге туристік жолдама Қостанай вагон пайдалану депосы Құсмұрын ТҚКҚ бастығы Владимир Оксқа берілді. 2023 жыл бойына ол 106 Қауіпсіздіктің мінез-құлық диалогы бойынша деректерді тіркеген. Оның барлығы уақытында орындалып, кем-кетік жойылды. Осылайша ол талай адамның, әріптесінің өмірін сақтап қалды.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады