«Жобалаушы Маханбетов» атанған ардагер

ҚТЖ келбеті
09.07.2024, 16:30
Оқуға 4 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Тарихи мәліметтерде Орта Азияда теміржол салу туралы  патша үкіметінің кеңесі 1889 жылдың 16 маусымында айрықша жиналыс өткізгені айтылады.  

1890 жылдың сәуірінде «Орынбор - Ташкент» теміржолының жобасы бекітіліп, қазақ даласын көктей өтетін магистральді  салуға шешім қабылданып құрылысқа дайындық жұмыстары жүргізіле бастаған.   Дегенмен, құрылыс арада тағы он жыл өткенде алға жылжиды. Сырдария өзенін жағалай салынған «Орынбор-Ташкент» магистралі ол кезде Перовский аталған Қызылордаға да жетеді. Содан бергі 120 жылдан астам уақыт ішінде талай өзгеріс орын алып, талай айтулы оқиғалар тарих қойнауына кетті. Түтіндеген алып паровоздар тепловозға көшіріліп, қолмен атқарылған бағыттауыш бұрмалар автоматтандырылды. Қол күштері біртіндеп техника күшіне ауыстырылды. Қарт теміржолшы-ардагер, «ҚТЖ - 100 жыл» және «Еңбек ардагері» медалдарының иегері Бекжан Маханбетовпен әңгімеміз сол өткен жылдар естелігінен сыр шертеді. Қызылорда станциясында  бағыттамалық бұрманы   автоматтандыру жұмыстарының басы-қасында болып, жобасын сызып жүйенің іске асырылуында еңбек сіңірген ақсақал кезінде бөлімшедегі айтулы маманның бірі болған.    

Сырда туып ер жеткен Бекжан Маханбетұлы Ташкенттегі теміржол инженерлер даярлайтын институтын бітіреді. Сол жылдары құрылысы жүріп жатқан Қаратау-Жамбыл теміржолында еңбек жолын бастап,  бірнеше жыл тәжірибе жинақтаған соң  елге оралып, «Южгорсельпроект» жобалау институтында жобалаушы-инженер мамандығын игеріп, облыс көлемінде орын тепкен жүк станцияларындағы Мұнай базасы, МТС, «Қазсельхотехника», ЦКЗ, ТЭЦ, Ет комбинаты және Қазбакалейторг секілді ауқымды мекемелердің кірме жолдарының жобалық-сметалық құжаттарын жасап, дәл сол кезден бастап «жобалаушы Маханбетов» деген жанама атқа ие болады.  Бір күні оны сол кездегі Қызылорда бөлімшесінің бастығы Орынбай Жанәділов шақырып алып Қызылорда станциясының бас инженері қызметін ұсынады  және  орасан жұмысты атқаруға міндеттеме жүктейді. Бұл – 1977 жыл еді.  

– Қызылорда станциясында сені күрделі бастамалар күтіп тұр. Станцияның екінші жолы құрылыс титулының жоспарына ілінбей қалған. Сол себепті жоғарыдан бөлінген қаржы жоқ. Мұнда небәрі 13 жылжымалы құрамды қабылдап-жөнелтетін жол бар. Бұл жолдардың ұзындығы 750 метр, бағыттамалы бұрмалар сол баяғы қалпынша қолмен аударылады. Мұның бәрі бүгінгі күннің өскелең талабына сай емес... деп бастаған Орекең, маған бұйрық берген күннен бастап мойныма үлкен жүк артты, – дейді Бекжан Маханбетов. 

Әрине, үлкен жауапкершілікті түсініп, қобалжыған Бекжанға «қажетті көмекті менен тоқтаусыз алып тұрасың, тәуліктің кез-келген уақытында хабарласуыңа жол ашық, іске сәт» деп дем берген екен.  Шамамен қырыққа жуық бағыттауыш бұрма салып, жолдар ұзартылуы керек. Бұл жол қозғалысы ережелерін, техникалық қауіпсіздігін қатаң сақтай отырып, пойыздардың кестеден ауытқымауын баса назарда ұстап атқарылатын жұмыс екені белгілі.

Станцияның бас инженері  қолынан қағаз-қалам түспей, жолдардың сызбасын сызып, бағыттамалық бұрмалардың орналасу нүктелерінің өлшемін жасайды. Бір емес, бірнеше нұсқада математикалық  дәлдікпен, геометриялық өлшеммен  жасалған еңбегі жоғары жақтан мақұлданып, жоба қабылданғанша талай тер төгіліп, күн мен түнді ұйқысыз өткізуге тура келген. Нәтижесінде 750 метрлік станция жолы 1050 метрге дейін ұзартып қайта салыныады   және механикалық бағыттамалық бұрмалар электрожетекке алмастырып автоматтандыру жүзеге асырылады.  Барлығы Қызылорда станциясында 40 бағыттамалық бұрма автоматтандырылып, станция шекарасы 3 шақырымға ұзарады.  Айтуға оңай, бұл жұмыстың артында бүкіл бөлімше теміржолшыларының бірнеше айға созылған қажырлы еңбегі, қаншама материалдық және қаржылық ресурс  жатты. Қызылорда теміржолының маңдайына біткен мықты басшының бірі болған Жанәділовтің табандылығы мен беделінің арқасында  қаржы бөлдіру жағынан қиындық болмайды.  

Бағыттамалық бұрмаларды салу кезеңі жүріп жатқанда қандайда бір жобалық құжаттарды республикалық деңгейде келісу үшін Бекең  Алматыға  жолға шығып кетеді.  Жұмыс тізгіні Қызылорда жол дистанциясының сол кездегі басшыларының біріне тапсырылыпты. Жолшылар бағыттамалық бұрманың бірін салып болып іске қосса, ашып-жабу командасын тыңдамайтын көрінеді. Яғни, сызбадан ауытқу орын алған,  технологиялық талаптар сақталмай салынып кеткен. Өзі жоқ кезде жіберілген қателікті жойып, қалпына келтіру үшін  Бекең тез арада кері шақырылып, бұрма қайтадан салыныпты.  

Бұрмалар түгел автоматтандырылып, арқадан ауыр жүк түскендей болған күндердің бірінде НОД Орынбай Жанәділов Маханбетовты тағы шақырады.  Орекең тағы бір маңызды тапсырманың шетін шығарады.   Енді үш қабатты электрлендірілген орталық қосын мен  тұрмыс қажетін өтеу комбинатының  жобалық сызбасын дайындау қажет еді.  

Жобалық құжаттарды қолтықтаған Бекең Алматыдағы «Промтранс НИИТпроект» жобалау институтының табалдырығын тоздырады.  Үш қабатты ЭЦ постының жобасын  өзі жұмыс жасаған «Южгорсельпроект» жобалау институтының жобалаушыларымен бірге сызып, күрделі жөндеу титулына кіргізу үшін екі түрлі нұсқа жасалады.  Ал станциядағы тұрмыс қажетін өтеу комбинаты алғашында 300, келе-келе 500 адамға қызмет көрсетілетін болып бекітіліпті. Пайдалануға берілгеннен кейін Одақ бойынша үлгілі комбинаттар қатарына енгізіліпті.  Комбинаттағы 4 бөлмелі асхана, 50 орындық зал, кір жуатын бөлме, азаматтық қорғаныс кабинеті, гинекология кабинеті, ерлер мен әйелдер себезгісі, 50 шкаф-гардероб, мәжіліс залы, техникалық кабинет, станция әкімшілігінің кеңсесі, шаштараз, аккумулятор цехы тағысын тағы тұрмыстық қажеттілікті өтеу орындары әлі күнге  Сыр  елінің қажетін өтеп тұр.    

- Теміржолшылардың игілігі үшін төгілген тер, еткен еңбек еш кеткен жоқ, әлі күнге сол кезде салынған жолдар, бағыттамалық бұрмалар, ғимараттар қолданыста. Әрине, уақыт талабына сай техникалық өзгерістер жасалғанмен әлі сол бастапқы қызметін атқарып келеді,-дейді жобалаушы Бекжан Маханбетов.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды