Байланыстың бапкері

ҚТЖ келбеті
01.08.2025, 10:06
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының сигнализация, блокировка және орталықтандыру телімінің бастығы Алмас Нәбиұлы Қонысовтың еңбек өтілі ширек ғасырдан асады. Жоғары біліктілігі арқасында оның еліміздегі жаңадан салынған бірнеше жол тармақтарында байланыс саласының негізін қалап, орнатуға үлес қосқан еңбегі әріптестері арасында жоғары бағаланады.

Сондықтан биылғы төл мереке қарсаңында Астанаға арнайы шақыртылып, Мемлекет басшысының қолынан марапат алатын таңдаулы теміржолшылардың бірі болып отыр.  

Теміржолшылар қаласы Арыста туып-өскен ол алдымен арнайы курста оқып, ШЧ мекемесіне жұмысқа орналасқанда сарыауыз балапан еді. Жұмысқа төселіп, тәжірибесін арттыра келе, арнайы орта және жоғары білім алды, саланың жілігін шағатын кәнігі маманға айналды. Бүгінде ол басқаратын телім Арыс пен Сарыағаш станциялары аралығында 8 станция мен бекеттің, олардың арасындағы перегондардың белгі беру және байланыс құрылғыларының тоқтаусыз жұмысына жауапты.  

– Арыстағы ШЧ-38 мекемесінде еңбек жолымды 4-разрядты электромонтер болып бастадым. Тараздағы 6 айлық курсты оқып келген соң электромеханик болып істедім. 2008 жылы қазіргі қызметіме тағайындалып, содан бері телімді басқарып келемін, – дейді теміржолшы жігіт.  

Алмас Қонысов жаңадан салынған теміржол тармақтарын іске қосу кезінде байланыс қондырғыларын орнату жұмыстары жеті өлшеп, бір кесіп дегендей, өте жауапты жүргізілетінін айта ды. Атап айтқанда, 2004 жылы Хромтау-Алтынсарин теміржол тармағы салынғанда ол 20 күнге іссапармен барып, жұмыс істеген. Одан кейін Қостанайда Тереңсай станциясының да байланыс қондырғыларын орнатып, іске қосуға қатысқан. 2016 жылы Алматыда Қазыбек би станциясын дамытуға үлес қосты. 2017 жылы ЭКСПО көрмесі кезінде «Нұрлы жол» вокзалының, Қырқыншы станцияларының басындағы жұмыстарға атсалысты.  

– Соның бәрі мен үшін үлкен тәжірибе болды. Арыста да үлкен өзгерістер болды. Сарыағаш станциясының белгі беру және байланыс құрылғыларын жаңарттық. Байланыс саласында жаңашылдықтар өте көп болады, сондықтан бұрынғы білімімізге қоса, жаңа дүниелерді де үйреніп, үнемі ізденісте жүреміз. Өзім де айналама, қарамағыма сондай ізденімпаз, білімді мамандарды жинауға тырысамын, – дейді А.Қонысов.

Теміржолшылар отбасында дүниеге келген Алмас Нәбиұлы кәсіп таңдауда қателеспегені анық. «Үздік маман» атанып, өндіріске 30 шақты өнертапқыштық ұсыныс енгізіп, «Үздік рационализатор» белгісімен марапатталған теміржолшының обасында екі бала өсіп келеді. «Болашақ теміржолшылар» деді бізге әзіл-шыны аралас қалжыңдап.  

 

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды