Еңбекпен өрілген өмір жолы

ҚТЖ келбеті
08.08.2025, 10:03

Бүкіл саналы ғұмыры темір жолмен тығыз байланыста өткен кейіпкеріміз бұл салаға жарты ғасырға жуық өмірін арнапты. Бүгін 75 жасқа толып отырған мерейтой иесінің еңбек жолы – мамандыққа адалдықтың, табандылық пен жоғары кәсібиліктің үлгісі.

Алматы облысының тумасы Дәулет Қазбеков бала кезінен қандай мамандық таңдайтынын білетін. «Машинист болып, пойыз жүргіземін» дейтін бала қиялы. Мектеп бітірген соң теміржол техникумына түсіп болашақ кәсібіне жол ашты. Ал Алматы локомотив депосында машинистің көмекшісі болып еңбек жолын бастаған күн теміржолшының жарты ғасырға созылған кәсіби кызметінің бастауы еді.  

Дәулет Әділханұлы сол кезде қалыптасқан үрдіс бойынша өз саласының барлық өсу сатыларынан өтті: тепловоз машинисі, машинист-нұсқаушы, локомотив депосы бастығының орынбасары, депо бастығы... болып жалғасқан еңбек жолы кейіпкеріміздің темірдей төзімділігі мен табандылығы, бір орында тоқтап қалмай, алға ұмтылған батылдығы арқасында сәтті өрілді. Алматы локомотив депосының бастығы болып еңбек еткен жылдар оның басқарушылық талантын толығымен ашып, машинистер ұжымының шынайы сенімі мен құрметіне ие болды. Ол өзін болашақты бағамдап, стратегиялық маңызды шешімдер қабылдай алатын сауатты ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Оның басшылығымен депода өндірістік көрсеткіштердің артуына ықпал еткен бастамалар жүзеге асырылып, ауқымды жаңғырту жүрді. Ондаған ұлт өкілдері жұмыс істейтін ұжымда өзара түсіністік пен жауапкершілік атмосферасы қалыптасты.  

Дәулет Әділханұлы ол жылдар өмірінің ең маңызды кезеңі болғанын еске алады.  

– Жиырма жасымда еңбек жолымды бастаған Алматы депосы маған туған шаңырағымдай ыстық та қымбат болды. Тоқсаныншы жылдары қиын да күрделі кезең қалыптасты, бірақ ортақ мүдде жолында жұдырықтай жұмылған біз ол қиындықтарды да еңсеріп, талай сыннан сүрінбей өттік. Мен сол жылдары бірге жұмыс істеген жандарды құрметпен еске алып, мақтан тұтамын. Ол жылдар тәжірибесі кейінгі қызмет жолымда талай керегіме жарады, – деп еске алады кейіпкеріміз.  

Қызмет сатысымен өсе келе Алматы бөлімшесінде локомотив қызметінің бастығы болып тағайындалған жылдар отандық теміржол көлігінде реформа басталған кезбен тұспа-тұс келді. Жылдар бойы қалыптасқан жүйе бырт-бырт үзіліп, бұрын мүлде жат болып келген жаңа ұғым, меншіктік көзқарас, саланың нарықтық экономикаға көшу кезеңі қиын және ауыр өтіп жатты. Дегенмен, теміржолшылар бұл қиындықты да артта тастап, сала даму жолына түсті.  

Дәулет Қазбеков реформалау нәтижесінде пайда болған ҚТЖ-ның «Желдорреммаш» кәсіпорнын бірнеше жыл басқарып, темір жолдың машинажасау саласындағы талай жобаларды жүзеге асыруға атсалысты. Ал теміржолдағы қызмет атаулы жөндеу және пайдалану секторына бөлінген тұста «Қамқор» сервистік қызмет көрсету корпорациясында басшылық қызмет атқарды. Жөндеу саласының қызметін нарықтық қатынастарға сай құрып, сервис сапасын арттыруға күш салды.  

Мансабының барлық кезеңінде салаға, сүйікті кәсібіне адалдық пен жауапкершілік қасиеттерін ұстанған жан зейнетке шыққан соң да жекеменшік компанияда мамандығына сай бірнеше жыл қызмет атқарып, еңбек өтілі жарты ғасырға жуықтағанда біржолата демалысқа шықты. «Құрметті теміржолшы» белгісімен, «Даңқты еңбегі үшін», «Түрксіб-90» төсбелгілерімен, басқа да теміржол көлігінің мерейтойлық медальдарымен марапатталып, абырой арттырды.  

Ардагер теміржолшы бүгінде жұбайы Сәуле екеуі ұл-қыздарынан тараған немерелердің тәрбиесімен айналысуда. Қазбековтердің үлкен шаңырағында қашан да бірлік пен береке салтанат құрған.  

 

Елена АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ, Алматы

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл