Ұжымға сыйлы, мамандығына адал тұлға

ҚТЖ келбеті
15.08.2025, 09:32
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолдың табалдырығын аттаған адам сол салаға тұрақтап, сіңісіп кетеді, оның сондай бір «сиқыры» бар. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұржамал Құспанова да бақытының баянын темір жолдағы адал еңбегінен тапқан, білікті маман атанып, отбасының ұйытқысы һәм шамшырағы болып отырған жан.

Нұржамал Назарқызы да міне ширек ғасыр тер төккен саласына бауыр басқаны сонша, таяу күндері зейнет демалысына шығатынын ойласа бойын ерекше бір қимастық сезім билейді. 1964 жылы тамызда Қызылқоға ауданы Сағыз станциясында ұстаздар отбасында дүниеге келген кейіпкеріміз ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, көбіне «ұят болады, жаман болады, обал болады» деген қағидамен өскенін айтады. Мектепте жақсы оқыды, ауылдың қызы болғанымен орыс тіліне зерек болды.  

«Әкем Назар Құспанов Қазақ ССР халық оқу-ағарту ісінің үздігі атағы бар ұстаз еді, анам Әлия Ерғалиева да сол кезде Қызылқоға ауданына танымал мұғалім болды. Менің болашақ мамандығыма ата-анамның ықпалы болғанына күмәнім жоқ. Кенбай орта мектебін үздік бітіріп, Гурьев педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, оны қазақ мектебіндегі орыс тілі мамандығы бойынша бітірдім», – дейді Нұржамал.  

Оның теміржол саласына жұмысқа келуі еліміз егемендік алғаннан кейін, салада мемлекеттік тілді дамытуға назар аударыла бастаған тұс, құжаттарды қазақшаға аударуға талап қойылып, мекемелерде аудармашы қызметі штатқа енгізіле бастаған кез болатын. Нұржамалдың теміржолдағы еңбек жолы Атырау вагон пайдалану депосына аудармашы болып жұмысқа тұрудан басталды. Ана тіліміздің мәртебесін көтеруге атсалысқан ол аудармашылық жұмысын адал атқарып, мекемеде қазақ тілінің қанат жаюына үлкен үлес қосты. Аудармашы қызметін жақсы атқарумен қатар оның бойынан ұйымдастыру, ұқыптылық, ыждағаттық қасиеттерді байқаған басшылық оны Атырау вагон жөндеу депосына персоналды басқару менеджері қызметіне шақырды. Сол кезден бастап кадр жұмысымен айналыса бастады. Кейін Атырау электрмен жабдықтау дистанциясында кадр маманы қызметін атқарды. 2017 жылы Атырау магистральдық желі бөлімшесінің персоналды басқару бөлімінде персонал жөніндегі менеджер болып тағайындалып, күні бүгінге дейін жемісті еңбек етуде. Көптеген Құрмет грамоталарының және «Адал еңбегі үшін» медалінің иегері.  

– Мамандар бөлімінде қызмет ету басқа бөлімдердің қызметіне қарағанда ерекшелеу, қиындығы да, қызығы да қатар жүреді. Себебі біз адамдармен тікелей жұмыс жасаймыз. Еңбек жолымда әртүрлі адамдар кездесті. Жалпы, кадр қызметкері болу үшін дипломат болу керек екендігін түсіндім, – дейді Нұржамал.  

Иә, халық арасында кадр маманы болу тек қана жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, бір жұмыстан екінші жұмысқа аудару деген түсінік бар. Алайда, ол қате пікір дейді Нұржамал. Мамандар бөлімінде қызметкерлердің әлеуметтік мәселелері бойынша, олардың денсаулығына байланысты (медициналық тексеруден өту, ауысымалды, ауысым соңындағы мед тексерулер), марапаттау бойынша, аттестация, біліктілік көтеру оқулары, т.б. толып жатқан есеп берулер бойынша тапсырмалар жетіп артылады. Оған қоса, әртүрлі корпоративтік шаралар ұйымдастыруға да кәсіподақ ұйымымен қатар кадр мамандары жауапты болады. Қазіргі кездері ҚТЖ енгізіп отырған түрлі қосымшаларды жұмысшыларға жеткізу, жаңадан шыққан түрлі бағыттағы ережелермен уақытылы таныстырып отыру да осы мамандар бөліміне жүктелген.  

Нұржамалдың жолдасы Тілекқабыл Медеуов те теміржолшы, 30 жылдан аса жолаушылар тасымалы саласында еңбек етеді. Отбасында үш бала, екі немере бар. Үлкен ұлдары Өркен қазақ-түрік лицейін алтын белгімен бітіріп, Назарбаев университетін, одан кейін Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Қазір Дубайда қытайлық үлкен құрылыс компаниясында заңгер. Тоғжан – Атырау Дарын мектебінің түлегі, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің журналистика факультетін бітіріп, қаладағы компаниялардың бірінде пиар-маман. Кенже ұл Нұрдаулет те КТЛ түлегі, Еуразия ұлттық университетінің 3-ші курс студенті. Теміржолшылар отбасынан шыққан балалар осындай әртүрлі саланың білікті мамандары атанып жүр.  

«Өмірдің мәні де, сәні де сүйікті мамандығың, сыйлы ұжымың және бақытты отбасың болғаны екен» дейді Нұржамал Назарқызы.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады