Құрметті теміржолшы Асқар Шокулбаевтың еңбек жолы

ҚТЖ келбеті
19.08.2025, 09:38
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жүз он мыңнан астам адам еңбек ететін ҚТЖ компаниясында биылғы төл мереке – теміржолшылар күніне орай 1400-ден астам адам түрлі марапатқа ие болды. Солардың бірі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Теміржол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығының өндірістік оқыту шебері, «Құрметті теміржолшы» атағының иегері Асқар Шокулбаев.

Салада 30 жылға жуық тәжірибесі бар теміржолшы еңбек жолын Аягөз депосында машинист көмекшісі болып бастаған. Одан соң машинист, локомотив бригадаларының нұсқаушысы, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас ревизор, локомотив бригадаларының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. Темір жолға жаңа сериялы тепловоздарды енгізу барысындағы жұмыстардың бел ортасында жүрді. ҚТЖ бизнес трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысты. 2018 жылдан бастап бүгінгі қызметін абыроймен атқарып, мамандарды оқытуда өзінің мол тәжірибесін көрсетуде. Біліктілігі жоғары өндірістік оқыту шебері өз бағдарламасында ең озық деген әдістер мен педагогикалық технологияларды қолданады. Орталықта жұмыс істеген жылдар ішінде ол 50-ден астам типтік оқу жоспары мен жұмыс бағдарламалары, электронды курстарды әзірлеп, қолданысқа енгізді. Сонымен қатар ол – 3D модельдеуді енгізу бойынша инновациялық оқу бағдарламасын әзірлеген жұмыс тобының белсенді қатысушысы.  

– Теміржол саласындағы мамандар біліктілігін арттыру – қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам. Сондықтан оларды оқытуда дидактикалық материалдар, шығармашылық тапсырмалар, тәжірибелік жаттығуларды ұсына отырып, кәсіби деңгейін арттыруға басымдық беремін. Жаңа технологиялар үздіксіз енгізіліп жатқан дәуірде бізге үнемі ізденіс керек. Сондықтан ылғи заң мен нормативтік құжаттар, локомотив шаруашылығы, өндіріс қауіпсіздігі, еңбек қорғау, электр қауіпсіздігі бойынша арнайы әдебиеттерді оқып, зерделеп отырамын, – дейді кейіпкеріміз.  

Теміржол көлігін дамытудағы осындай табанды еңбегі бағаланып, көптеген марапатқа ие болды. 2013 жылы «Адал еңбегі үшін» салалық медалімен марапатталса, 2022 жылы «Құрметті теміржолшы» атағын алды. Ал биыл Премьер-министр Олжас Бектеновтің қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алып, құрметке бөленді.  

 

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды