Вагон қараушының бір күні

ҚТЖ келбеті
09.09.2020, 10:04
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш вагон пайдалану депосының Шалқар техникалық қызмет көрсету бекетінің вагон қараушысы Жаңбырбай Жадырасынның бір күндік жұмысына куә болған біз кәсібін нәсібі деп білетін теміржолшының жұмысы тіпті де оңай емес екені- не тағы бір көз жеткіздік.

Саналы ғұмырының 37 жылын вагон дөңгелектерін балғамен ұрып, техникалық тексерістен өткізіп жүрген тәжірибелі маманның еңбегінің жемісін көрер күн де алыс емес, биыл 63 жасқа толатын теміржолшы зейнетке шықпақ. 

Екі мәрте «Теміржол қауіпсіздігі қоры жүлдесінің лауреаты» құрметті атағын алған вагон қараушы абыройсыз емес, ұжымға сыйлы. Оның бірін 2001 жылы жолаушылар пойызы вагонының басталып келе жатқан қызуын дер кезінде анықтағаны үшін алса, екінші рет 2007 жылы жүк пойызынан ақау тапқан кезінде құрметке бөленген. 

«Біздің жұмыс атақ-абырой үшін емес. Ең алдымен жүк және жолаушы құрамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етсек – біздің жұмыстың жетістігі сол. Жақсы атың шығып жүріп бір қателікке бой алдырсаң, бүкіл жинаған абыройыңнан әп-сәтте айырылып қалуың ғажап емес. Сондықтан қашан да «екі шоқып, бір қарауға» мәжбүрміз», – дейді тәжірибелі вагон қараушы. 

Шалқар – тоғыз жолдың торабы дерлік, әрлі-берлі ағылып жатқан жүк және жолаушы құрамдары бір толас таппайтын тораптық станция. 

Сондықтан, вагон қараушының әрбір он бес-жиырма минут сайын кезекті құрамды қабылдап, тексеріп жөнелтіп жатқан әбжіл қимылына сүйсіне қарайсыз. Вагон доңғалақтарынан шыққан дыбысты жазбай танитын кәнігі маманның кәсібилігіне дау жоқ. Дегенмен, ақауды анықтаудың сыры неде деген сұрағымызды жауапсыз қалдырмады. «Отыз-қырық жыл осы кәсіпке маманданған соң ақауды жазбай танитын қасиет қалыптасады адамда. Сонымен қатар, интуиция пайда болады, кейде тіпті келіп тоқтаған кезекті құрамда бір қауіп бар екенін түйсігіңмен сезіп, тауып алатын жағдай болады», – дейді тәжірибелі вагон қараушы. 

Жаңбырбай Өсербайұлы Шалқар өзенінің бойында туып-өскен. Вагон пайдалану депосына 1983 жылы жұмысқа кірген. Алғашында жылжымалы құрамды жөндеуші слесарь болып, бір-екі жылдан кейін вагон қараушы болып ауысқан. Содан бері табан аудармай еңбектеніп келеді. Ауызбіршілігі мол, еңбекқор ұжымда қызмет ететінін мақтан тұтады. 

«Зейнет жасына келіп қалдық. Өміріміз, жастығымыз осы жолдың бойында балға ұстаумен өтті. Осы жерде жүріп отбасымызды асырадық, балаларымызды оқыттық. Теміржолшы екенімді мақтанышпен айтамын. 

Осы ортада жүріп, қайнаған өмір, темірдей тәртіпке бағынған саладан үйренгеніміз көп болды, енді сол білгентүйгенімізді жастарға үйретудеміз», – дейді Жаңбырбай Жадырасын. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды