Абырой кілті - еңбекте

ҚТЖ келбеті
11.10.2020, 12:01

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясы» филиалын, осы салада отыз бес жылдан астам еңбек өтілі бар, он шақты жыл Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінде басшылық қызметте болған тәжірибелі теміржолшы Назыр Қосубаев басқарады.

Қазақстан темір жолында мұндай мекеме үшеу – Ақадыр, Шу және Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциялары. Назыр Қосубаев осы топырақта туып-өскен жергілікті азамат. 1984 жылы Алматы темір жол көлігі инженері институтын «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын сол жылы Ақадыр жол дистанциясында инженер болып бастаған жас жігіт бүгінде, міне, ел ағасы атанатын шаққа да жетіп отыр. Әрине, арада өмір атты көш керуеннің еңбек пен тәжірибемен өрілген талай жылы жылжып өтті.

Табақтай дипломын құшақтап өндіріске келген таудай талабы бар түбіт мұрт бозбала еңбекпен есейген, тәжірибелі теміржолшы, білікті басшыға айналды.

2008-2016 жылдар аралығында Қарағанды магистральдық желі бөлімшесін басқарып, алдымен орынбасар, соңғы екі жыл директор болды. Өңірдегі теміржол инфрақұрылымын жаңарту мен жаңғырту, жол шаруашылығын дамытуға қатысты маңызды жобалардың бәріне атсалысып, туған жерді түлетуге тарыдай бол са да үлес қосқанын мақтан етуге қақысы бар. Саланың ең абыройлы марапатына ие болып, «Құрметті теміржолшы» атанды. Қарағанды облысы мәслихатының депутаты ретінде елдік шараларда да елдің алдында жүретін белсенді де іскер азамат ретінде танылды. Қарағанды облысына қарасты Киікті ауылындағы мектептің бой көтеруіне мұрындық болып, барынша атсалысты. 

Жағдайы аз қамтылған отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қол ұшын созу – әу бастағы ұстанымы. Әсіресе, биылғы әлемді жайлаған індет кезінде Қосубаев Назыр басқарып отырған Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясының ұжымы көп қайырымдылық іс-шара атқарды. 

Саумалкөл – Бүркітті аралығындағы темір жолды су басып, магистральды қалпына келтіру кезіндегі ерен еңбегі еленіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің алғыс хатымен марапатталды.

«Әкеге қарап ұл өсер» деп халық тегін айтқан ба? Жарасымды отбасында жұбайы екеуі екі қыз, екі ұл өсіріп отырған Назыр Қабылдаұлы бірі – экономист, бірі менеджер мамандығын алып, өмірден өз жолдарын тапқан қыздары Алмагүл мен Әйгерімге қолдау білдіріп, аяқтарына тұрып кеткенше әкелік қамқорлығын аяған емес. Ал тұңғыш ұлы Дәулет теміржолшы боламын дегенде іштей қуанғаны да рас, бірақ сырттай сыр білдірмей, таңдау өз еркінде екенін, дегенмен бұл бүгін қызығып, ертең ұнамаса ауыстыра салатын кәсіп емесін ұлына түсіндірген. Бүгінде бүкіл жолшылардың құрметіне ие, жол техникасының атасы атанған «сегіз қырлы, бір сырлы» австриялық машинаның құлағында ойнайтын машинист. Талай жастың бағын ашып, үлкен өмірге тұсауын кескен Назыр Қабылдаұлы лайықты ізбасар да тәрбиелегеніне сенімді. 

Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясы ұжымы 9 қазанда 60 жасқа толып отырған Назыр Қосубаевты мерейтойымен құттықтап, отбасына амандық, еңбекте табыс тілейді.

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады