Шағыр станциясының шаруасы шайқалмайды

Фоторепортаждар
11.02.2020, 11:31
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Шағыр станциясы Арыс–Сарыағаш учаскесінің 3248 шақырымында орналасқан. Қазіргі таңда 8 жолы және 1 кірме жолы бар 2-ші класты станцияның басты жұмысының бірі – жүк тиеу, сосын әрине транзиттік пойыздарды өткізу.

Өткен жылды ойдағыдай қорытындылаған станциядан жалпы саны 20521 транзитті пойыз өткізілген, ал 2018 жылы 19678 транзитті пойыз өткізіліп, 104 пайызға артығымен орындалғаны көрініп тұр. Бұдан бөлек, Шағыр станциясында 2002 жылдан бері «КазТрансОйл» АҚ-ның шикі мұнай құю бекеті іске қосылып, жұмыс істеп келеді. Станция бастығы Бахытжан Қарынтаевтың айтуынша, шикі мұнай тиеу және тасымалдау 2019 жылға берілген жоспар бойынша 94 030 тонна болған, ол да толығымен 100 пайыз орындалған. – Біздің станциядан мұнай тасымалдаушы «ПремиумОйлТранс» ЖШС жұмыс істеуде. «КазТрансОйл» АҚ кірме жолының эстакадаға сыйымдылығы – 40 вагон цистерна. Қазіргі уақытта тәулігіне 40 вагон цистерна шикі мұнай артудамыз. Сондай-ақ, станция арқылы жүк тасымалдау Өзбекстанның Ахунбабаев станциясының Ферғана шикі мұнай өңдеу зауытына жөнелтіледі, – деді станция бастығы Б.Қарынтаев. Әрине, ең басты көрсеткіш – теміржол бойындағы қозғалыс қауіпсіздігі мен адамдардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2019 жылы теміржол бойында адам басу және қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бұзушылықтар орын алған жоқ. Жол бойында кездейсоқ оқиғалардың алдын алу үшін жұмысшылармен ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешенді түрде жүргізіліп тұрады.

– Бұдан бөлек, станцияда қыс уақытында бөлімше басшылығымен бекітілген қысқы жұмыстар, қармен күрес оперативті жоспары бойынша да тиісті шаруалар атқарылып жатыр. Станцияның барлық қызметкері мен жұмысшыларына техника қауіпсіздігі ережелері, еңбек қорғау және электр қауіпсіздігінің сақталуы бойынша жеке мақсатты нұсқамалар өткізілген, – дейді станция бастығы.

Көктемгі және күзгі байқауға тыңғылықты жұмыс жүргізіп, шаруашылықты дайындауда жоғары нәтиже көрсеткен теміржолшылар қатарында станция кезекшілері Қ.Ағабеков, Н.Нұржанов, Ж.Мергенбаев, Ғ.Сатынбеков, Ғ.Қарынтаев, пойыз құрастырушылар С.Бастарбеков, Д.Қалиев, СТЦ операторы Д.Әбдікерімов, жүк қабылдап тапсырушы Ғ.Амантаев, тауар кассирі С.Қожамұрат, тағы басқалардың аты аталды.

Станция бастығы осындай майталман теміржолшылар барда Шағырдың шаруасы шайқалмайды деді нық сеніммен.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады