Атырауда станциялардың күзгі техникалық тексерісі басталды

Қауіпсіздік
09.09.2022, 09:30
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

  Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде күзгі комиссиялық тексеру жұмыстары басталды. Қалыптасқан тәртіп бойынша байқау барысында қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және техникалық құралдардың, магистральдық желі мен ғимараттардың жай-күйі, сондай-ақ теміржолшылардың білімі мен біліктілігі де сынға түседі.

«Бөлімше басшыларынан құрылған комиссия күзгі байқауды арнайы локомотивпен телім бойын аралап жүріп жүзеге асыруда. Бір ай уақытты қамтитын тексеріс ең әуелі 496-402 разъезд аралығы, Мақат-Құлсары, Мақат-Сағыз телімдерінен басталып, Құлсары-Бейнеу, Бейнеу-Атырау, Теңдік және Ақжайық станциялары, Ганюшкино-Д.Нұрпейсова телімі бойынша жүргізіледі. Ганюшкино-Исатай, Исатай-Қызылжар телімдеріндегі жол, сигнализация, энергиямен қамту дистанциялары, вагон, локомотив деполары, т.б. қаралады. Содан кейін Махамбет, Атырау станцияларына тоқтап, сол жерлерде талқылау жұмыстары жүргізіледі» дейді Атырау жүк тасымалы өндірістік-техникалық бөлім басшысы Әзиз Айжарықов.  

Жалпы, биылғы жылдың өткен 8 айында Атырау бөлімшесі бойынша пойыз және маневрлік жұмыстарда өндірістік жарақат алу болған жоқ. Өндірістік көрсеткіштерді орындауда нәтижелер жақсы деңгейде келе жатыр. Күзгі тексеріс кезінде станциялардың техникалық жағдайы, магистральдық инфрақұрылым мен жасанды құрылғылардың жағдайы, су мен жылу нысандары, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері, орталықтың бұйрықтары мен басқа да нұсқаулықтарын орындау тәртібі қаралуда. «Былтырғы күзгі тексеріс барысында станцияларда кездескен кемшіліктерді биыл қайта қарап жатырмыз. Негізінен алғанда, темір жол торабында болған келеңсіз жағдайлар тіркеле бермейді, станция қызметкерлері тарапынан нұсқаулықтар дұрыс жүргізілмей, кейбірінде радиобайланыс жеткіліксіз болып қалады. Станцияларда кезекшілер жаңа нұсқаулықпен жұмыс жасауға біртіндеп көшуде, білім жетілдіру, жүк қабылдап-жөнелту бойынша ескертпелер болды. Ал, толықтай көрініс тексеріс қорытындысында белгілі болады» дейді бөлім басшысы.  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл