Жол айрықтарына да аял жасауда

Қауіпсіздік
07.10.2022, 10:58
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде күзгі комиссиялық байқау жұмыстары жалғасып жатыр. Қыркүйек айының 27-нен басталған шараның алғашқы аптасында комиссия мүшелері Атырау – Қызылжар – Исатай, Исатай – Ганюшкино, Ганюшкино – Д.Нұрпейісова телімдерін аралады.

Комиссия қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және техникалық құралдар мен ғимараттардың жай-күйі, байланыс, электр жабдықтарының, локомотивтер мен вагондардың жағдайы, темір жолдың, жалпы инфрақұрылымның қазіргі күйі, сондай-ақ теміржолшылардың білімі мен біліктілігі, әлеуметтік жағдайлары, т.б мәселелерді жан-жақты мұқият тексерді. Комиссия құрамындағы ревизорлық топ, Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесінің құрылымдық бөлімдерінің мамандары жұмыстарын Қызылжар бекетінен бастап, ақырғы Д.Нұрпейісова станциясына дейінгі барлық станция-бекеттердегі тексеру барысында шаблон арқылы жол параметрлерінің талапқа сәйкестілігі, нормативтік, техникалық құжаттамалардың дұрыс толтырылуы, вагон шаруашылығы, байланыс және электр жабдықтарының, бағыттамалы бұрмалардың жарамдылығы, станциялардың техникалық жағдайы, магистральдық инфрақұрылым мен жасанды құрылғылардың жағдайы, су мен жылу нысандары, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері, орталықтың бұйрықтары мен басқа да нұсқаулықтарын орындау тәртібі, т.б. мәселелерді назардан тыс қалдырмады.

– Былтырғы күзгі тексеріс кезінде станцияларда анықталған кемшіліктерді биыл қайта қарап жатырмыз. Негізінен алғанда, темір жол торабында болған келеңсіз жағдайлар тіркеліп, үнемі ескеріліп отыруы қажет, станция қызметкерлері тарапынан нұсқаулықтар жүргізуде кемшіліктер болады, кейбірінде радиобайланыс жеткіліксіз болып қалады, жолдардың сапасын, бағыттамалы бұрмалардың жұмысын да қарадық. Станцияларда кезекшілер жаңа нұсқаулықпен жұмыс жасауға біртіндеп көшуде, білім жетілдіру, жүк қабылдап-жөнелту бойынша, байланыс, электрмен қамту бойынша да ескертпелер бар. Әрине, мұндағы мақсат – кемшілік табу емес, оны түзету және болдырмаудың шарасын жасау. Ең бастысы – қозғалыс қауіпсіздігін сақтау. Сондықтан да барлық жағдай бойынша сын-ескертпелер беріліп, жергілікті жерде талқыланды, – дейді аймақтық бас ревизор Жәнібек Көбеев.  

Комиссия мүшелері Атырау – Д.Нұрпейісова телімі аралығындағы Аққыстау, Исатай, Сазанқұрақ, Ганюшкино, Д.Нұрпейісова сынды станциялардан бөлек барлық шағын разъездерге де, жол айрықтарына дейін аял жасап, жұмыстарын жалғастыруда.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады